09 Тамыз, 2013

Оңтүстіктің «Сүйіктісі мен сүйкімдісі» анықталды

291 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шымкент-Рамстор-1

Қозы мен Баяндай қол ұстасқан ғашықтар «Сүйікті мен сүйкімді» облыстық байқауда бақ сынады. Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Сайыста үміткерлер серіктеріне сезімін ғана білдіру шарт емес, бұған қоса көпшілік алдында өнерлері мен білімін көрсете білуі керек. Биыл екінші рет қолға ұйымдастырылған өнер додасына 14 жұп қатысты. Үміткерлердің өнерін 3 адамнан құралған қазылар алқасы бағалап отырды.

Байқау қорытындысы бойынша бас жүлдені мақтаралдық Бауыржан Бакиров және Ақшолпан Әбибуллаева жеңіп алды. Бірінші орынға Отырар ауданынан Талғат Дүйсембиев пен Ұлдана Әшірбекова шықты. Ал екінші орынды сарыағаштық Нұрлыбек Сауырбаев пен Ғазиза Ізтай иеленді. Үшінші орын Төлеби ауданын келген Нұрхан Базарбай мен Айгерім Құлумбетоваға бұйырды. «Жарасымды жұп» аталымын Арыс ауданынан арнайы келген Қалдыбек Көпжан мен Айтолқын Сарыпбекова алды. Ал «Көрермендер көзайымы» аталымы сайрамдық Мырзасейіт Ыбырай пен Елігай Ахунбабайға берілді.

Мұрат Айтқожа.

Соңғы жаңалықтар