09 Тамыз, 2013

Қазақстандық қос студент АҚШ-қа 250 мың доллар айып төлеуі мүмкін

277 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Казахстанские студенты-США-2

Қазақстан азаматтары Диас Қадырбаев және Азамат Тажаяқов Бостондағы лаңкестікке қатысы бер танылса, түрмедегі жазаларын өтеген соң үш жыл бойы Америка үкіметінің бақылауында болуы мүмкін. Оның үстіне, екі жігіттен 250 мың доллар айыппұл алынады деп те болжануда. Бұл туралы бүгін ҚР Сыртқы істер министрлігі баспасөз қызметінің жетекшісі Нұржан Айтмаханов мәлім етті, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

«Оларға жазаларын өтеген соң үш жыл Америка үкіметінің бақылауында болу және 250 мың доллар айыппұл жазасы кесілмек. Сот отырысын 13 тамызда өткізу көзделген», - деді баспасөз қызметінің жетекшісі.

Сәкен Майлыбай.