Ерекше қажеттілігі бар баланы тәрбиелеп отырған әйелге медициналық көмек алуға және баланы балабақшаға орналастыруға көмек көрсетіледі. Елордада ерекше күтімді қажет ететін 5,5 мың бала бар.
Биыл инватакси саны 36-дан 56-ға дейін артты. Қалада екі оңалту орталығы салынады. Иппотерапиямен айналысуға арналған ат спорты кешенінің құрылысы басталды. Бұдан басқа, жаңа тұрғын үй кешендерінің бірінші қабаттарында балаларға арналған шағын орталықтар, оңалту орталықтары, емхана сынды әлеуметтік нысандар ашылады.
Елорда әкімі Алтай Көлгінов қала тұрғындарын қабылдау мәселені нақты шешуге жол бастайтындығын, алайда жүйелі шаралар қабылдау қажет екендігін айтты.
«Азаматтардың қабылдаған кезде жеке тұрғынға не отбасыға көмек көрсетіледі, алайда жүйелі шаралар қабылдау қажет. Адамдар көп өтініш білдірген сұрақтарды зерделеп, заңнамалық деңгейде өзгерістер енгізу үшін ұсыныстар жасаймыз», деді қала әкімі Алтай Көлгінов.
8 ақпан күні «Жанұя» отбасы институтын қолдау орталығында «Ашық әкімдік» форматында ашық есік күні өтті. Елорда әкімі, әкімнің орынбасарлары, басқарма басшылары мен аудан әкімдері азаматтарды қабылдады. Бір күн ішінде 700 адам қабылданды. Сұрақтар жұмысқа алынды.