Қоғам • 12 Ақпан, 2020

Елордада құрылысы ұзаққа созылған нысандардың саны 20-ға төмендейді

261 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

2020 жылы елордада құрылысы ұзаққа созылған нысандардың саны 20-ға төмендейді - 7800 үлескер пәтерлерін алып, үй құжаттарын рәсімдей алады. Бұл туралы тұрғындардың алдында атқарылған жұмыс бойынша есеп берген елорда әкімі Алтай Көлгінов мәлімдеді, деп хабарлады қала әкімдігінің баспасөз қызметі.

Елордада құрылысы ұзаққа созылған нысандардың саны 20-ға төмендейді

«Біз үлестік құрылыс объектілерінің әрқайсысына бірнеше қайтара бардық: кей үйлерде қосалқф сату фактілері бар, техникалық қабаттар мен паркингтерді құрылыс салушылар пәтер ретінде сатқан. Қадамдық іс-шаралар жоспары әзірленді. Бүгінгі таңда қалада 12,5 мыңнан астам үлескер бар, бұл 42 нысан. 20 үйді осы жылы тапсырамыз, бұл өткен жылмен салыстырғанда 2 есе көп. 2019 жылы 10 тұрғын үй кешені пайдалануға берілді – бұл 2,5 мың үлескер», деді қала әкімі Алтай Көлгінов.  

«Территория комфорта – 1» тұрғын үй кешенін сүру жұмыстары басталды, үй 2004 жылдан бастап салына бастаған. Үйді техникалық тексеру ғимарат апатты жағдайда екенін көрсетті: бұрынғы құрылыс салушы техникалық нормаларға сәйкес келмейтін бетон маркасын қолданды. Инвестор анықталды. «Алтын шар» мен «Бағыстан» тұрғын үй кешендерінің құрылысы қайта басталды; «Шығыс» тұрғын үй кешенінде 8 тұрғын үй тобы бар, 3 топ бойынша құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатыр, 2 топ бойынша – ЖСҚ әзірлеу, қалғандары бойынша – қаржы моделін әзірленіп жатыр.

№3 полигонда «Жағалау» тұрғын үй кешенінің құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілсе, №4 полигон бойынша инвестордың банктік кепілдігін алуы күтіліп отыр. Үлестік құрылыстағы негізгі проблемалар міндетән дұрыс атқармаған құрылыс салушылармен және пайшылардың арасындағы сот ауырлығы, жобалық-сметалық құжаттаманың және сараптаманың, қаржылық және техникалық аудиттің болмауы. Проблемалық нысандарды аяқтау үшін «Нұрлы Жер» мемлекеттік бағдарламасына өзгерістер енгізілді, 13 нысан бойынша мемлекеттік сараптама қорытындысы алынды, 19 нысан бойынша әзірлеу және түзету жүргізілуде, 26 нысан бойынша қаржы және техникалық аудит жүргізілсе, 12 нысан бойынша қаржы моделі әзірленді.