«Мен бүгін Қазақстандағы Волонтерлар қозғалысының құрметті елшісі атануға келістім. Менде Төтенше және Өкілетті елші атты дипломатиялық ранг бар. Бірақ бұл мәртебе – волонтерлық қызметтің құрметті елшісі атану да ерекше маңызға ие деп білемін. Сол себепті біз бірге жұмыс атқарамыз» деді Президент.
Өз еркімен қоғамға пайдасын тигізуді көздейтін еріктілердің қатары жыл санап артып келеді. Бүгінде әлем халқының 970 миллионы волонтер болса, оның ішінде әрбір сегізінші қазақстандық еріктілер қатарын толықтыруда.
Айта кетейік, бүгінгі шара барысында барлығы жеті жобаның таныстырылымы өтеді деп жоспарланған. Фронт-офистің жұмысы волонтерлар қажетті ақпарат алып, арнайы оқытылады. Волонтерлік мәселелер бойынша халыққа кеңес беретін бірыңғай Call-орталық жұмыс істейтін болады. Фронт-офис барлық өңірлердегі жобаларға шолу жасап, тіркеп бақылап отырады.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, жобалардың қоғамдық мониторингін зиялы қауым өкілдері, танымал журналистер мен блогерлер құралған мониторингтік топ жүзеге асырады. Сондай-ақ оның құрамына Жастар ресурстық орталықтарының мамандары мен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері кіреді. Жалпы республикалық орталық 17 өңірдегі волонтерларды қолдап, олардың жұмысын үйлестірумен айналысады. Фронт-офис ашылғаннан кейін оларға арналған мотивациялық сессиялар, мастер-класстар және түрлі семинарлар өтетін болады.