Аймақтар • 12 Ақпан, 2020

«Қазақстандағы әйелдердің жағдайын жақсарту жөніндегі жол картасы» таныстырылды

378 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан Баспасөз-клубында «Қазақстандағы әйелдердің жағдайын жақсарту жөніндегі жол картасын» таныстыру мақсатында «Қазақстан әйелдер күштерінің Альянсы» ЗТБ арнайы баспасөз конференциясын өткізіп, еліміздегі нәзік жандылардың ахуалына тоқталды.

«Қазақстандағы әйелдердің жағдайын жақсарту жөніндегі жол картасы» таныстырылды

Статистика деректері бойынша Алматы қаласындағы халық саны 1 909,5 мың адамды құрайды, оның ішінде әйелдер (54%) - 1 031 мың, әйелдердің орташа жасы - 35,2 жас. Әйелдердің күтілетін өмір сүру ұзақтығы 78 жасты құрайды. Жұмыспен қамтылған халықтың ішінде әйелдер - 52% құрайды. Ал ШОБ-та тіркелген заңды тұлғалардың 32% - ын әйелдер басқарады.

Өткен жылы Қазақстан әйелдер күштерінің альянсы Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен зерттеу жүргізді. Әлеуметтік зерттеу негізінде «Қазақстандағы әйелдердің жағдайын жақсарту жөніндегі жол картасы» әзірленді.

Жүргізілген жұмыстың нәтижелері бойынша Алматы қаласындағы әйелдердің жағдайына қатысты мәліметтер анықталып, қажеттіліктеріне сәйкес ұсыныстар әзірленді. Осыған байланысты әйелдерге олардың құқықтары мен өмірлік қиын жағдайларда көмек көрсету жөнінде бірыңғай сайт пен байланыс орталығын құру; әлеуметтік кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасын әзірлеу – өнімді жұмыспен қамтудың құралы ретінде, сондай-ақ әлеуметтік кәсіпкерлерді қолдау жөнінде инфрақұрылым құру (әлеуметтік инкубаторлар, әлеуметтік дүкендер, сауда орталықтарында әлеуметтік жалға алу, әлеуметтік сөре және т. б.); әйелдердің жергілікті өзін-өзі басқару деңгейінде ұсынылуына «50/50» қағидаты бойынша квоталарды бекіту;   Репродуктивті денсаулық мәселелерін түсіндіру бойынша халықтың хабардарлығын арттыру; қоғамда әйелдердің мәртебесін арттыру және «Eńbegі janan arýlar» ұранымен жұмыс істейтін әйелдердің имиджін насихаттау мәселесін ұсынып отыр.

 

АЛМАТЫ