Қоғам • Бүгін, 15:00

Елімізде жүк көліктерінің қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

23 наурыз бен 1 мамыр аралығында Қазақстанның бірқатар өңірлерінде ауыр жүк көліктерінің қозғалысына уақытша шектеулер қойылады. Бұл маусымдық шара автожолдардың сапасын сақтау және мерзімінен бұрын тозуын болдырмау мақсатында жыл сайын жүзеге асады, деп жазады Egemen.kz.

Елімізде жүк көліктерінің қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі

Фото: kolesa.kz

23 наурыздан бастап Ақмола, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар және Абай облыстарында қозғалыс шектеледі. Бұл ереже жалғыз оське түсетін жүктемесі 8 тоннадан асатын жүк көліктеріне қатысты және 1 мамырға дейін күшінде болады.

Сонымен бірге Алматы, Атырау, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Түркістан, Жетісу, Ұлытау облыстарында осыған ұқсас шектеулер 1 сәуірге дейін қолданылады.

Берешек көлемі 3 млрд теңгеге жетті: Астанада көлік салығын төлемеген жүргізушілерге ескерту жасалды

Айта кетейік, шектеулер халықаралық тасымалдарға, жолаушылар көлігіне, сондай-ақ азық-түлік, дәрі-дәрмек және төтенше жағдайлардың жүктеріне қолданылмайды. Мұндай шаралар жол төсемін қорғау, сапасын сақтау және көктемгі аяз бен су тасқыны кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында жыл сайын жүргізіледі.

Енді көліктің техникалық паспортын Kaspi.kz арқылы ауыстыруға болады

Соңғы жаңалықтар