Көкшетау қалалық сотының үкімімен Көкшетау қалалық әкімдігінің бұрынғы бас маманы жеті жыл мерзімге бас бостандығынан айырылды.
Іс мән-жайы мынадай: сотталушы өзінің таныстарын Астана және Көкшетау қалаларында пәтерлер мен жер телімдерін алып беремін деп алдаған. Атап айтқанда, 2012 жылдың желтоқсан айында сотталушы өзінің бір танысынан жер телімін әперемін деп 250 мың теңге алған. Сол ақшаны беріп жатқан кезінде қаржы полициясының қызметкерлері алаяқты ұстап алған.
Сот сотталушының бұрын сотты болмағандығын, өзінің кінәсін толық мойындағандығын, жәбірленушілерге келтірілген шығынды жартылай қайтарғандығын ескерді.
Сондай-ақ, сот сотталушыдан жәбірленушінің пайдасына 2 000 000 (екі миллион) теңге материалдық шығын мен 20 000 теңге мемлекеттік баж салығын өндіріп берді, деп хабарлады Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметі.