10 Тамыз, 2013

Нотариус мемлекеттік тілді мойындайды

488 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Алматы қаласы Әділет депар­та­менті жеке нотариус К.К.Ақановаға қатысты «Егемен Қазақстан» га­зетінің 2013 жылғы 16 мамыр күнгі нөмірінде жарияланған Ш.Әміровтің «Мемлекеттік тілді менсінбейтін нотариустың өзі ме, әлде сондай нұсқау бар ма?» атты мақаласын зерделеді.

Мақалада көрсетілген дәлел­дерді тексеру мақсатында, нотариус К.К.Ақановадан, азамат К.Абуовтен түсініктеме алынды және Алматы қаласы Нотариалдық палатасына сұрау хат жолданды.

К.Абуовтің «Егемен Қазақстан» газетінің Алматы бөлімшесіне хабарландыруға төленген ақшаны қайтару үшін қайтадан баруына орыс тіліндегі салалық газетте хабарландыру бағасының арзандығы себеп болғаны анықталды. Қар­жы­лық қиыншылықтарға, тұрақ­ты жұмысының жоқтығына, күн көру және қызының оқуын тө­леу үшін екі жұмыста істеп қосым­ша табыс тауып жүргеніне байла­ныс­ты, К.Абуов баспасөз басы­лым­дарын таңдаған кезде, бас­па­сөз басылымының тілі емес, хабар­ландырудың бағасын негізге алған.

Сонымен бірге, Алматы қаласы әділет департаменті өз қызметін «Әділет органдары туралы» ҚР Заңына және өзге де нормативтік-құқықтық актілерге, соның ішінде «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» ҚР Заңына сәйкес жүзеге асыратынын хабарлаймыз.

Алматы қаласы әділет де­пар­таментінде іс-жүргізу мемлекеттік тілде жүргізіледі. Азаматтардың өтініштері мен басқа да құжаттарға қайтаратын жауаптар мемлекеттік тілде немесе өтініш жасалған тілде беріледі.

«Әділет органдары туралы» ҚР Заңының 19-бабына сәйкес, Алматы қаласы әділет депар­та­мен­ті жеке нотариаттың дамуы­на жәрдемдесу, жасалған нота­риат­тық әрекеттердің заңды­лы­ғы мен мемлекеттік және жеке но­та­риустардың іс жүргізу ережелерін сақтауын бақылау функцияларын жүзеге асырады.

Сонымен бірге, Қазақстан Рес­публикасы Әділет министрлігі тарапынан жеке нотариустарға «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» ҚР Заңына сәйкес қызмет жасау туралы нұсқау берілгенін хабарлаймыз.

Департамент қазақ тілінің бе­делін нығайту және дамыту, мем­лекеттік тілді насихаттау мақ­са­тын­да тұрақты негізде жұмыс жүр­гізеді.

Д.АЙТМҰХАМЕТОВ,

Алматы қаласы әділет департаментінің басшысы.