«Мәселеге терең үңіліп қарап, салдары неден болып жатыр дегенге жауап бере алмайсыздар. Формальды түрде. Нақты жұмысқа келгенде балалар төбелесіп жатыр. Тәрбие жұмысы қайда? Әрбір осындай жағдайларды біз керек болса осындай жиналыстарда қарастырамыз» - деді министр.
Ведомство басшысы балалар арасында жиілеп кеткен құқық бұзушылықтар, оның ішінде топтасып төбелесудің көбеюі оқиғаларға формальды қарап, істің шығу себебін анықтамаудан екендігін баса айтты. Бұл ретте арнайы комиссиялар құрылып, жағдайды жан-жақты қарау қажеттігіне ерекше тоқталды.
А. Аймағамбетов алдағы уақытта жалпы ақпарат қана ұсынбай, нақты мәселеге байланысты жан-жақты талдау жүргізіп, оң шешімін табуды тапсырды.