30 Наурыз, 2010

АЛМАТЫНЫҢ ЕҢ ҮЗДІК МҰҒАЛІМІ

809 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
Биыл осымен алтыншы рет Алматы қаласының үздік мұғалімдері анықталды. Ұстаздар  қауымын ізденістерге ғана ұмтылдырып қоймай, әлеуметтік жағдайларына да игі ықпал ететін “Жыл мұғалімі” байқауының жүлдегерлерін дәстүр бойынша қала әкімі Ахметжан Есімов құттықтады. Сонымен Алматы қаласының 2010 жылғы ең үздік мұғалімі №79 гимназиясының ағылшын тілінің мұғалімі Алма Игілікова атанды. Қала әкімі бас жүл­дегерге “Жыл мұ­ғалімі” төс­белгісін тағып, бір бөлмелі пә­тер кілтін та­быс етті. Ал өткен жылы Алматының ең үздік мұғалімі атағын жеңіп алған Тұрсын Таңатов  бай­қаудың сим­волы – ауыс­палы ал­тын ал­ма мен кі­тап­ты Алмаға аманаттады. Ал бірінші орынды ием­денген №133 жалпы білім беретін орта мектептің музыка пәнінің мұғалімі Қанағат Жалғасбаева жаңа автокөліктің иесі болып шыға келді. Бостандық ауданын­дағы М.Базарбаев атындағы №138 гимназиясының тарихтан дәріс беретін ұстазы Жандос Құмғанбаевқа екінші орын алғаны туралы арнаулы дип­ломды Қазақстанның халық әртісі Роза Рымбаева табыс етті. Ал үшінші орын №51 мектеп-гимназиясының орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Татьяна Лизуноваға бұйырды. Сондай-ақ, кейінгі үш жыл қатарынан өткізіліп келе жатқан “Қазақ тілі пәнінің үздік мұ­ғалімі” байқауының бас жүлдесін Айза Мұхтарқұлова жеңіп алды. Биыл бұл конкурсқа қаза тілі мен әдебиеті пәнінің 43 мұғалімі қатысты. Сыннан сүрінбей өткен тағы 10 мұғалім байқаудың де­меушісі “Комснабстрой” АҚ төраға­сы М.Төлегенов тағайын­даған қаржылай сыйлықтарды алып, отбасыларына, білім ордаларына қуанышпен оралды. Төрт турдан тұратын “Жыл мұғалімі” байқауының ақтық сынына қала мектептері ара­сынан 10 ұс­таз үз­іліп шыққан. Жал­пы бай­қауға қа­ты­суға қала бо­йынша 87 мұ­ғалім өті­ніш білдірген екен.  Бай­қау­дың соң­­ғы сынында ір­іктелген 10 мұ­ғалім аш­ық сабақтар өткізіп, ол­ар­дың ұстаздық біліктіліктері кәсіби қа­зылар тобы тарапынан сарапталған. Оған қоса 11 наурызда Ал­ма­ты қаласының білім беру жү­йе­сіндегі мамандардың кәсіп­қой­лығын көтеру және қайта даярлау институтында балалардың бас­па­сөз-мәслихаты өтіп, онда кон­кур­сант­тардың бейнетаспаға тү­сі­ріл­ген ашық сабақтары оқушылар назарына ұсынылған. Бұл бас­қосуда №12 және №35 гимназия­ла­рының шәкірттері жүлделі орындарға лайықты ұстаздарға сауалдары мен өтініштерін біл­дірген болатын. Мәслихаттың нәтижесінде көңілдерінен шық­қан мұғалімге “Балалар кө­з­айы­мы” деген жүлде тағайындалды. Айнаш ЕСАЛИ, Алматы.