Не болса да, біз елдің қызығы үшін бүркітімізді қасқырға саламыз.

Жақында Абай ауданының Қарауыл ауылында әлемдік деңгейдегі ой алыбы Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай «Қансонарда бүркітші шығады аңға» атты республикалық бүркітшілер сайысы өтті.
Шыңғыстау баурайын екі күн бойы дүбірге бөлеген қырандар бәсекесіне еліміздің 13 облысы мен екі қаласынан 50-ден астам құсбегі келді.
Нұр-Сұлтан шаһарынан қолына қаршығасын қондырып әкелген 11 жастағы Ерасыл Серікбекұлы осы турнирдегі ең жас құсбегі ретінде ел назарын өзіне аударды. Жарыстың ашылу салтанатында сөз алған Абай ауданының әкімі Жарқынбек Байсабыров: «Абай тойын ұлттық өнеріміз – бүркітшілер сайысымен бастауымыз бекер емес. Кезінде ақынның өзі де қолына қыран қондырған. Шәкәрім, Шәкір аталарымыз да бүркіт баптаған, қаршыға ұстаған. Бұл келешек ұрпаққа, жастарымызға үлкен үлгі-өнеге деп есептейміз» дей келе ақын мерейтойына орай облыста 500-ден астам іс-шара ұйымдастырылатынын, соның 118-і данышпан туған топырақта өтетінін айтты.
Дүбірлі доданың алғашқы күнінде Қарауылтөбеге жиналған жұртшылық қолға қондыру, еркін ұшыру, шырғаға салу секілді сайыс түрлерін тамашалады.
Қызықтың бәрі екінші күні болды. Әуелі көпшілік ителгі мен қаршығалардың қоян мен кептерге және бүркіттердің қарсақ пен түлкіге түскен қызықты сәттерін тікесінен тік тұрып көрді.
Ендігі кезек – аспан серісі қыран мен түз тағысы қасқыр айқасы.
«Біраз бүркітшілер «қасқыр құсымды шайнап тастайды» деп тартынып отыр. Не болса да, біз елдің қызығы үшін бүркітімізді қасқырға саламыз. Өлсе, өлгенін, жеңсе, жеңгенін көреміз» деген белгілі атбегі, бүркітші Тәттімбет Кәпұлы.
Айтса, айтқандай, финалдағы айқасқа үржарлық қос бүркітші Т.Кәпұлы мен Нұғым Қайдардың қырандары жіберілді. Содан не керек, Нұғым ақсақалдың бүркіті қасқырдан еш қаймықпай, көк бөріні астына басып, көрерменнің қошеметіне бөленді.
Сайыс қорытындысында Алматы облысынан келген Ермұхан Байетбайдың бүркіті мен тараздық Бақдәулет Бабажанның ителгісі І орынды иеленді.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді облыс әкімінің орынбасары Әлішер Мархабат құттықтап, бағалы сыйлықтарды табыс етті.
Шығыс Қазақстан облысы,
Абай ауданы,
Қарауыл ауылы
Суреттерді түсірген Тілеубек ШАЯХМЕТ
Александр Недовесов жұптық сында Нұр-Сұлтан турнирінің жеңімпазы атанды
Спорт • Бүгін, 16:48
Ақтөбе облысының Алға ауданына жаңа әкім тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 16:27
Қостанай облысында жоғалған жылқышы 6 күннен кейін табылды
Аймақтар • Бүгін, 16:11
Армениядан әкелінген көліктерді тіркеу мерзімі тағы 1 жылға ұзартылды
Қазақстан • Бүгін, 15:55
Шекара қызметі «Қарасу» өткізу пунктінде контрабандалық жүкті ұстады
Қазақстан • Бүгін, 15:44
Сенаторлар ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясының сессиясына қатысты
Парламент • Бүгін, 14:26
Ақпарат министрі кәсіби журналистиканы дамыту жоспарымен бөлісті
Қоғам • Бүгін, 13:14
Ақпаратқа мемлекеттің түбегейлі монополиясы жоқ – Аида Балаева
Қоғам • Бүгін, 12:56
Азаматтық ұйымдар жеке бастың емес, қоғам игілігі үшін қызмет етеді - Аида Балаева
Қоғам • Бүгін, 12:53
«Қазақстан» телерадиокорпорациясы «Мың алғыс» қайырымдылық телемарафонын өткізеді
Қазақстан • Бүгін, 12:45
Ақмола облысындағы мектеп асханаларының жұмысына рұқсат берілді
Аймақтар • Бүгін, 12:35
Сенатор Күрішбаев сауда орталықтары үшін алдын-ала белгіленген бағалардың дұрыстығына күмәнданады
Парламент • Бүгін, 12:15
Экономика • Бүгін, 11:45
Алматыда 452 көпбалалы отбасы баспанамен қамтылады
Аймақтар • Бүгін, 11:04
10 қалада атмосфералық ауаның ластану индексі жоғары
Экология • Бүгін, 10:33
Өлтіріп кеткен: Алматы облысында пәтерден 3 адамның мәйіті табылды
Аймақтар • Бүгін, 10:00
Еңбек министрлігі зейнетақы ақшасына автокөлік сатып алу туралы ұсынысқа жауап берді
Экономика • Бүгін, 09:45
Қожа Ахмет Ясауи шежіресінің бір үлгісі мен мөрі табылды
Руханият • Бүгін, 09:20
Қала шетіндегі дүкенге қарақшылық жасаған адам ұсталды
Аймақтар • Кеше
Аймақтар • Кеше
Атырауда 33 медицина қызметкері марапатталды
Аймақтар • Кеше
Жамбыл мұрасы – ұлт руханиятының айнасы
Аймақтар • Кеше
Корабльдерді күзету мен қорғау бойынша оқу-жаттығу өтті
Аймақтар • Кеше
ШҚО-да алты мекеме қару сақтау тәртібін бұзған
Аймақтар • Кеше
Жамбыл Жабаевтың 175 жылдық мерейтойы басталды
Фотогалерея • Кеше
Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады
Президент • Кеше
Алматыда Терісбұлақ өзені кәріз суларынан тазартылды
Аймақтар • Кеше
Ауа райына байланысты бірнеше облыста ескерту жарияланды
Ауа райы • Кеше
Ақмола облысында 3 мың адамға жеткілікті дәрі-дәрмек қоры бар
Медицина • Кеше
Қызылордада карантин талаптарын сақтамаған түнгі клуб анықталды
Аймақтар • Кеше
Атырауда полицияға 840 әйелден шағым түскен
Аймақтар • Кеше
Тарбағатай ауданында кен байыту комбинаты салынады
Аймақтар • Кеше
Грек-рим күресінен ел біріншілігі аяқталды
Күрес • Кеше
Илон Маск бір тәулікте біраз байлығынан айырылды
Әлем • Кеше
Жандарбек Бекшин алматылықтарға үндеу жолдады
Аймақтар • Кеше
Футзал: Беларуське қарсы ойнаймыз
Спорт • Кеше
Биыл 8 мың алматылықты баспанамен қамту жоспарлануда
Аймақтар • Кеше
Түркістанда «Кәсіпкерлік қырандары» жобасы бастау алды
Аймақтар • Кеше
Шымкенттегі медицина қызметкерлерінің еңбекақысы өсті
Аймақтар • Кеше
Қазақстандықтардың несиесі 7,6 трлн теңгеге жетті
Қаржы • Кеше
Түркістанда құдалық өткізгендер жауапқа тартылды
Аймақтар • Кеше
Шымкенттен шалғай орналасқан ауруханаға КТ аппараты орнатылды
Аймақтар • Кеше
Алматыда қосымша жұмыс орындары ашылады
Аймақтар • Кеше
Ұқсас жаңалықтар