Аймақтар • 14 Ақпан, 2020

Бостандық ауданының әкімі алдағы жұмыс жоспарын таныстырды

456 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз орталығында Бостандық ауданының әкімі Алтай Рақымбетов ауданда өткен жылы атқарылған істер мен биылғы жылы қолға алынатын жұмыстар барысына тоқталды.

Бостандық ауданының әкімі алдағы жұмыс жоспарын таныстырды

Бүгінде Бостандық ауданында 29 714 кәсіпорын тіркелген, оның ішінде іске қосылып тұрғандары – 17 359.

Шағын және орта бизнесті қолдау мен дамыту үшін«Бизнестің жол картасы-2020», «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жж. арналған «Еңбек» бағдарламасы», «Бизнес Бастау», «Іскер Ана» бағдарламалары іске асырылуда.

«Бизнестің жол картасы-2020» бизнесті қолдау және дамыту мемлекеттік бағдарламасын іске асыру барысында аудан бойынша жалпы сомасы 9,4 млрд.теңгеге 17 жоба субсидияланды. «Бастау Бизнес» кәсіпкерлік негіздері жобасы бойынша 755 адам оқудан өтті. Олардың 418-і өз бизнесін ашу үшін гранттарды қорғады. Көп балалы отбасыларды қолдау мақсатында өткен жылы «Бақытты отбасы» орталығы ашылды. Осы орталықтың базасында «ІСКЕР АНА» жобасын дамыту аясында 20 көп балалы аналарға демеушілерді тарта отырып, өз бизнесін дамытуға арналған жабдықтар сатып алынды. Сондай-ақ «Almaty Business-2025» кәсіпкерлікті дамыту аймақтық бағдарламасы аясында «Qolday» кәсіпкерлік орталығы құрылды.

Әлеуметтік қорғау шараларымен 6 209 адам қамтылды, оның ішінде 4 332 жұмысқа орналастырылды. Есепті кезеңде халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдауда 6 740 адам жалпы сомасы 124 млн. теңгеден астам әлеуметтік төлем алды. Оның ішінде, атаулы әлеуметтік көмекті 32,3 млн. теңгеге 641 аз қамтылған отбасы (2 978 адам) алды.

Денсаулық сақтау және білім саласы бойынша ауданда 32 медициналық мекеме жұмыс істейді, оның ішінде мемлекеттік тапсырыс бойынша жұмыс істейтін 7 жеке меншік. Сондай-ақ, 200-ден астам жеке меншік Денсаулық сақтау ұйымдары бар. Аудан бойынша Мемлекеттік мекемелердің медициналық жабдықтандырылуы 84,6% құрайды. Халықты медициналық қызметтермен қадамдық қолжетімді қамтамасыз ету мақсатында 2019 жылы қалалық студенттік емхана Нұр-Мүбарак университетінде және Алматы құрылыс және халық кәсіпшілігі колледжінде 2 дәрігерлік амбулатория ашты.

Ағымдағы жылдың 2-ші тоқсанында 3 амбулатория ашуды жоспарланып отыр: «Балаларға шұғыл медициналық көмек көрсету орталығы» үшін қабылдау бөлімшесі; «Қалалық балалар клиникалық жұқпалы аурулар емханасы» ғимаратына 70 төсектік қосымша құрылыс; 250 төсектік көп салалы аурухана онкоорталықпен; «Орталық қалалық клиникалық емхананың» 3 павильонын қайта жаңарту.

Аудандағы жалпы орта білім беру жүйесіне 56 ұйым кіреді (оның ішінде 22 жеке меншік және 34 мемлекеттік мектеп). Бостандық ауданы мектептерінің жобалық қуаты 25 873 оқушы орнын құрайды. Оқушылардың жалпы контингенті 42 93. Өткен оқу жылымен салыстырғанда оқушылар 4 019ға көбейген. Оқушы орындарының тапшылығы 4 270 құрайды. Оқушылар орындарының тапшылығын қысқарту үшін мектептердің негізгі ғимараттарына қосымша құрылыс салу бойынша бірқатар іс-шаралар жүргізілуде.

 

АЛМАТЫ