Туризм • 15 Ақпан, 2020

Қазақстан мен Өзбекстанның туризмдегі байланыстары нығаяды

176 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан мен Өзбекстанның көне тарихи жерлері және заманауи қалалары бір туристтік бағытқа тоғыспақ. Алматыда Өзбекстан консулдығында өткен баспасөз мәслихатында осы бағыттаға «Алтын шаршы» жобасының бағыт-бағдары белгілі болды.

Қазақстан мен Өзбекстанның туризмдегі байланыстары нығаяды

«Алтын шаршы» жобасы аясында кез-келген турист Қазақстанның Нұр-Сұлтан, Алматы, Тараз, Отырар, Шымкент, Түркістан қалалаларының тарихи жерлері мен өзбек елінің Ташкент, Самарқан, Бұқара мен Хиуа шаһарларын аралай алады. Бұл жоба қос елдің туристік мүмкіндігін арттыруға, сондай-ақ аталған аймақтарға инвестиция тартуға көзделген.                                                      

Алматы қаласы, «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесі мәліметі бойынша, жиында Өзбекстанның елшісі екі ел арасындағы туристік ағын екі жылда 10 есеге артқандығын хабарлады. Егер «Алтын шаршы» жобасы сәтті іске асатын болса, өзге елден де келетін туристер санының артуы ғажап емес дейді. Әзірге, виза беру сынды мемлекеттік деңгейде шешілетін мәселелер ғана қалып отыр. Ал, жоба авторлары келер айда бағыт бойындағы қалаларды өздері аралап, туристерге көрсетілетін қызмет сапасын бақыламақ. Өзбекстанның Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Саидикрам Ниязходжаев атап өткеніндей, екі елдің аумағында көптеген тарихи ескерткіштер бар. Туристер біріне барса, біріне жете алмай жатады. Одан өзге екі елдің тарихы бір-бірімен тығыз байланысты.

АЛМАТЫ