Ұлы ойшыл Абай атамыздың елге барынша танымал «Біріңді қазақ, бірің дос, көрмесең – істің бәрі бос» деген өсиет сөзінің мәнісіне ой жүгіртсек, одан ұлт болып ұйысуда, халқымыздың мүддесі үшін күресте достық, татулық, бірлік ауадай қажет екендігі айқын көрінеді. Ал еліміздің бірлік пен ынтымақты ту етіп, алға басуы үшін бірінші кезекте атқарушы билік өзіне жүктелген міндетті абыроймен атқаруы тиіс.

Осы орайда, биліктің халқымыздың әлеуетін арттыру, елімізді нығайту жолындағы жауапкершілігіне Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Абай және XХI ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласында кеңінен тоқталып өткен. Мемлекет басшысы аталған мақаласында: «Біз егемен ел ретінде өсіп-өркендеуіміз үшін мемлекеттілігімізді нығайтуымыз керек. Заң үстемдігін және қоғамдық тәртіпті сақтау баршаға ортақ міндет екенін ұғынған жөн. Халықтың билікке деген құрметі болмаса – елдігімізге сын...
Үкімет мүшелері, соның ішінде министрлер мен әкімдер мемлекеттік және қоғамдық маңызы бар мәселелерге қатысты шешім қабылдаған кезде азаматтардың ұсыныстары мен тілектерін ескеруі керек. Мұны Абай меңзеген әділетті қоғам қалыптастырудың бірден-бір шарты деп білемін. Ұлы ақын «Келелі кеңес жоғалды, Ел сыбырды қолға алды» дегенді бекер айтқан жоқ. Елге билік жүргізетіндерге жұрттың көңілі толмайтынын да аңғартады», дейді.
Расында, билік халқының жағдайын жайласа, сол билік тұрған жерден артық жайлы жер болмасы анық. Бірде Конфуций кезекті сапарынан келе жатқанда жолдан аулақта жылап отырған бір әйелді көреді. Анықтап қараса, әлгі әйел біреулердің зираты алдында бүк түсіп еңіреп, бірдеңе айтып отыр екен. Бірақ оның не айтып отырғанын ұға алмайды. Содан қасындағы шәкіртін қайғырып отырған әйелге жібереді.
Қайғырып отырған әйелдің қасына келген шәкірт:
– Жалғыз өзіңіз соншама қайғырып жылап отырғаныңызға қарағанда, сіз нағыз қимас жандарыңыздың бәрінен айырылған секілдісіз, – дейді. Сонда әйел:
– Иә, айтып тұрғаның рас, жақында қайын атамды жолбарыс талап өлтірді. Сондай бір аң енді күйеуім мен ұлымды да мерт қылды, – дейді.
– Онда сіз неге қауіпсіз басқа жаққа кетпейсіз? – деп сұрайды әңгімеге араласқан Конфуцийдің өзі. Сонда ауыр қайғыдан қан жұтқан әйел басын көтеріп:
– Мен нақ осы жерде ғана өмір сүргім келеді, өйткені бұл аймақта билік, салыстырмалы түрде айтқанда, қатал емес, – деп жауап қайтарады.
Біраздан кейін Конфуций шәкіртіне бұрылып:
– Есіңде болсын шәкіртім, билік – ең үрейлі күш, тіпті, ол қаhарлы аңның өзінен де үрейлі, – деген екен.
Әрине, әлемде үрейлі де, өте қатал билік жоқ деп ешкім айта алмас. Әрі-беріден кейін билік те халықтың өз «өнімі» екені белгілі. Дегенмен, биліктің де билігі бар...
Бүгінде көзі ашық, білімді де білікті жастарымыздың арасында шетел асып жатқандар аз емес. Осындайда «Арқада қыс жайлы болса, арқар ауып несі бар» деген сөз санада жаңғырады да, «жайлы жер іздеп кеткендерді» жазғырғың келмейді.
Жалпы, мемлекеттің негізгі міндеті – халықтың әлеуметтік жағдайын көтеру, әсіресе жастардың өсіп-өнуіне, білім алып елге қызмет етуіне мүмкіндік беру. Әрине, біздің мемлекетіміз бұл бағытта нақты шараларды қолға алып, шама-шарқынша жұмыс істеуде. Десек те, кейбір көңілді төмен тартар деректер мемлекеттің, атқарушы биліктің уақыт талабына сай нақты істерді өз деңгейінде жүзеге асыра алмай отырғанын көрсетеді. Мәселен, жастардың әртүрлі діни ағымдардың жетегінде жүруі, Үкімет пен әкімдердің жастар мәселесіне тиісті көңіл бөлмеуі, елде жастар саясатының жүйелі жүргізілмеуі, талантты азаматтарымыз бен білімді мамандарымыздың елден көптеп кетуі, мектеп бітірушілердің, әсіресе солтүстік облыстардағы мектептердің озат түлектерінің 75-80 пайызы Ресейге оқуға кетіп, сонда қалуы және басқа да түйткілдер атқарушы билікті ойландыруы тиіс. Жастардың көпшілігі материалдық жетіспеушіліктен уақтылы отбасын құра алмай жүргені, шаңырақ көтергендерінің 40-50 пайызға жуығы ажырасып кететіні, соның кесірінен еліміздің демографиялық ахуалы мәз болмай тұрғаны да баршамыздың көңілімізді түсіретін жағдаяттар.
Азаматтардың бостандығын құрметтейтін, қоғамдық жарастыққа негізделген, игілігі мол, әділ, әр адамға көмек қолын созар мемлекетті қалыптастыру өз қолымызда. Ол үшін Абайдың жоғарыда айтылып өткен өсиет сөзіне құлақ асып отырған, татулық пен бірлікті басты байлығы санайтын халқымыздың ақ ниетіне билік тарапы лайықты жауап беруі тиіс. Бұл өз кезегінде билікке жұрттың көңілін толтыратын қадам болар еді.
Қазақстан мен Қырғызстан президенттері журналистер үшін бірлескен баспасөз мәслихатын өткізді
Президент • Бүгін, 14:31
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Садыр Жапаровтың бірлескен мәлімдемесі жарияланды
Президент • Бүгін, 14:21
Аула хоккей лигасының V маусымы аяқталды
Спорт • Бүгін, 14:13
Ақмола облысында ауыл мектебіне жаңа автобус табыс етілді
Аймақтар • Бүгін, 14:05
Алматы облысында өткен жылы 281,2 млрд теңгеге тамақ өнімдері өндірілген
Аймақтар • Бүгін, 13:48
Атыраулық әскерилер ардагерлер тұратын үйдің ауласын тазартып берді
Аймақтар • Бүгін, 13:33
Қытайлықтар елімізге визасыз кіре алатыны рас па?
Қазақстан • Бүгін, 13:31
Бағдат Мусин «Роскосмос» басшысы Дмитрий Рогозинмен кездесті
Технология • Бүгін, 13:14
Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғызстан Президентімен шағын құрамда келіссөздер өткізді
Президент • Бүгін, 12:59
Ауыл шаруашылығын дамытуда арнайы гранттар бөлінеді
Білім • Бүгін, 12:57
Қыс басталғалы қар құрсауынан 1242 адам құтқарылды
Қазақстан • Бүгін, 12:57
БҰҰ-ның Нигериядағы базасына шабуыл жасалды
Әлем • Бүгін, 12:55
Әлем елдеріндегі коронавирусқа қатысты ахуалға шолу
Әлем • Бүгін, 12:48
АӨК мемлекеттік қолдау тұрақты әрі оңтайлы болады - Сапархан Омаров
Экономика • Бүгін, 12:47
Атырауда «30 игі іс» қайырымдылық марафоны басталды
Аймақтар • Бүгін, 12:38
Шымкентте көктемгі әскерге шақыру басталды
Аймақтар • Бүгін, 12:21
Алексей Цой медицина саласында мәселе көптігін мойындады
Медицина • Бүгін, 12:14
Шымкенттік дәрігер 3 мыңға жуық ананы босандырған
Аймақтар • Бүгін, 12:05
ҚазҰУ белгілі ғалым Әлия Оспанованың 70 жылдығын онлайн режимде атап өтті
Руханият • Бүгін, 12:02
Жалған нөмір таққандар ісі сотқа жолданды
Аймақтар • Бүгін, 11:49
Алексей Цой ауылдағы дәрігерлер тапшылығын қалай шешуге болатынын айтты
Медицина • Бүгін, 11:44
2 наурызға арналған валюта бағамы
Қаржы • Бүгін, 11:43
Бокстан ұлттық құрама Испанияда халықаралық турнирге қатысады
Спорт • Бүгін, 11:43
«Алғыс айту күнінде» ардагерлер тыс қалған жоқ
Аймақтар • Бүгін, 11:35
Әскердің қауіп-қатерге даярлығы қалай?
Қазақстан • Бүгін, 11:24
Шетелден келген 5 жолаушыдан коронавирус табылды
Қоғам • Бүгін, 11:15
Азық-түлік бағасын реттемеген әкім орынбасарлары жауапқа тартылады
Қоғам • Бүгін, 11:13
Қызылжарда Х қысқы Қазақстан оқушылар гимназиадасының ашылу рәсімі өтті
Спорт • Бүгін, 11:10
Нұрлан Нығматулин: Квазимемлекеттік сектордың қолжетімділігін қамтамасыз ету қажет
Парламент • Бүгін, 10:54
Аймақтар • Бүгін, 10:47
Шығыс Қазақстанда жолда қалып қойған 194 адам эвакуацияланды
Аймақтар • Бүгін, 10:46
Қазақстанда қандай әлеуметтік желілер жиі қолданылады
Қоғам • Бүгін, 10:46
Қазақстан 2020 жылғы экономикалық еркіндік рейтингінде 39-орынды иеленді
Экономика • Бүгін, 10:45
Үкімет медициналық-санитариялық алғашқы көмекті дамыту шараларын қарады
Үкімет • Бүгін, 10:34
Қырғызстан президенті мемлекеттік сапармен Қазақстанға келді
Саясат • Бүгін, 10:24
Ассамблея өкілдері алғыс айту күнімен құттықтады
Аймақтар • Бүгін, 10:21
Өсімдіктер әлемі туралы Заң қабылданады
Қазақстан • Бүгін, 10:13
5 жылда ауыл тұрғындарына шағын несие беріледі
Қоғам • Бүгін, 10:07
Қазақстандағы ең танымал әлеуметтік желі қайсы?
Қазақстан • Бүгін, 10:06
Дариға Назарбаева Тараздағы инклюзияны қолдау кабинеттерінің жұмысымен танысты
Аймақтар • Бүгін, 10:05
Forte Challenger 125 турнирі қазақстандықтар үшін сәтсіз басталды
Спорт • Бүгін, 10:02
Асқар Мамин: Әкімдер азық-түлік бағасын бақылауды күшейту қажет
Үкімет • Бүгін, 09:45
Елордалық оқушылар 2 наурыздан бастап қалай оқиды
Аймақтар • Бүгін, 09:38
Алматыда КВИ-мен күрескен дәрігерлерге ескерткіш ашылады
Аймақтар • Бүгін, 09:32
Пневмониядан 3 адам қайтыс болды
Коронавирус • Бүгін, 09:25
Ержан Бабақұмаров Алматы қаласының Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің отырысын өткізді
Аймақтар • Бүгін, 09:24
Еуропалық одақ енді қай тілде сөйлейді?
Әлем • Бүгін, 09:08
Спорт • Бүгін, 09:03
Аймақтар • Бүгін, 09:02
Қазақстанда 893 науқас коронавирустан ем алды
Коронавирус • Бүгін, 09:02
Ясауидің шежіресі мен мөрі табылды
Руханият • Бүгін, 09:01
Елімізде бір тәулікте қанша адам вирус жұқтырды
Коронавирус • Бүгін, 09:00
Спорт • Бүгін, 08:59
Спорт • Бүгін, 08:58
Қай елдерге әуе рейсі көбейеді?
Қоғам • Бүгін, 08:57
Өкпе дертінен өлім-жітім азайды
Қоғам • Бүгін, 08:56
Аймақтар • Бүгін, 08:55
Қоғам • Бүгін, 08:52
Жас отбасыларға – баспана сертификаты
Аймақтар • Бүгін, 08:51
Театр • Бүгін, 08:50
Қоғам • Бүгін, 08:48
Қатерлі ісік және қантты сусындар
Қоғам • Бүгін, 08:46
Үнемді өндіріске – үлкен қадам
Экономика • Бүгін, 08:44
Қоршаған орта қамы қоғамға ортақ
Экология • Бүгін, 08:42
Көзбояушылықпен айналысатын компания
Экология • Бүгін, 08:42
«Сарыарқа самалының» алғашқы редакторы белгілі ғалым Бейсенбай Кенжебаев болған еді
Руханият • Бүгін, 08:40
Әдебиет • Бүгін, 08:39
Ұқсас жаңалықтар