12 Тамыз, 2013

Үмітің үзілмесін

358 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Бостондағы терактіге байланысты айыпталған қазақстандық студенттер ақталуы мүмкін

АҚШ-тың Бостон қаласында сәуір айында орын алған терактіге байланысты қамауға алынған қазақстандық студенттер Азамат Тәжаяқов пен Диас Қадырбаев ақталып қалуы ықтимал. Бұл туралы RT агенттігінің орыс бөлімшесі хабарлады.

 

Бостондағы терактіге байланысты айыпталған қазақстандық студенттер ақталуы мүмкін

АҚШ-тың Бостон қаласында сәуір айында орын алған терактіге байланысты қамауға алынған қазақстандық студенттер Азамат Тәжаяқов пен Диас Қадырбаев ақталып қалуы ықтимал. Бұл туралы RT агенттігінің орыс бөлімшесі хабарлады.

«Азамат Тәжаяқов пен Диас Қадырбаев Бостондағы лаңкестікке байланысты өткізілетін сот мәжілістерінде өздерінің кінәлары бар екенін мойындағылары келіп отырған жоқ. Олардың адвокаттары айыптаудың негізі тиянақсыз екенін, ал айыпталушылар сотта кінәлары жоқтығын мәлімдейтіндерін жеткізді», – делінген онда.

«Алайда, айыпталушылар кінәларын мойындай қалған жағдайда, оларды отандарына қайтару мүмкіндігі тек жазаларын өтегеннен кейін ғана мүмкін болады», – деп хабарлады «Интерфакс».

Америкалық құқық қорғаушылар қазақ­стандық 19 жасар екі студентке құқық қорғау органдарына кедергі келтіру мақсатында лаңкестік жасаушымен келісімге келді деп отыр. Бұрын хабарланғандай, оларға Джохар Царнаевтан кейін күл-қоқыстың арасынан табылған ноутбугы мен фейерверк салынған рюкзагын лақтырып жіберді, деген айып тағылған болатын. Жоғарыдағы айыптау бойынша қос студентке жалпы мөлшері 25 жылға дейін түрмеде отыру жазасы кесілуі мүмкін.  

Еске сала кетейік, ағалы-інілі Тамерлан және Джохар Царнаевтар үстіміздегі жылғы 15 сәуір күні Бостонда өткен марафоннан кейін жарылыс жасап, үш адамның ажал құшуларына себеп болды деген айып тағылған еді. Соңынан болған атыс кезінде Тамерлан қаза тапты да, Джохар қолға түсті.

Айыптау қорытындысында осы іске орай қамауға алынған үшінші адамның да аты аталып жатыр. Ол қазақ студенттерінің сыбайласы саналып отырған 19 жасар америкалық Робел Филлипос көрінеді. Жас жігітке федералды тергеушіге жалған жауап берді деген айып тағылыпты. Ол сотқа дейін 100 мың доллар кепілдік төлеп, бостандыққа шығыпты.

Сұлтан БОЗАЙҒЫР.