Спорт • 18 Ақпан, 2020

Күрестен Азия чемпионаты: Тамерлан Шадукаев финалға шықты

274 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Нью-Делиде (Үндістан) күрес түрлерінен Азия чемпионаты басталды. Бірінші жарыс күнінің іріктеу кезеңіндегі қазақстандық балуандардың нәтижесін ұсынылды. Бұл жайында Ұлттық олимпиадалық комитеттің баспасөз қызметі хабарлады.

Күрестен Азия чемпионаты: Тамерлан Шадукаев финалға шықты

77 келіде кілемге шыққан Тамерлан Шадукаев жарыстың финалына жолдама алды. Жартылай финалда ол иорданиялық Сұлтан Али Мохд Дамен Эйдті жеңді. Құрлықтық біріншіліктің алтын жүлдесі үшін Иран балуаны Пеймен Постаммен кездеседі.

Сонымен қатар Жақанша Хорлан (55 келі), Ернұр Фидахметов (63 келі), Азамат Құстыбаев (87 келі) және Мансұр Шадукаев (130 келі) кіші финалға жолдама алып, жарыстың қола жүлдесі үшін белдеседі.