Медицина • 19 Ақпан, 2020

Кемедегі қазақстандықтар елге қашан келеді?

142 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Қытайдан тарап жатқан атышулы індеттен кейін барлық мемлекеттер шекарасын қымтап, Қытайға барып келген жандарды қайта-қайта тексеріп, әбден әлекке түсуде. Соның ішінде Жапониядағы Diamond Princess круиздік лайнері көрпесін тарс бүркеніп, өз алдына бір шағын мемлекет сияқты оқшауланып, жолаушылары екі аптадан бері құрлыққа шыға алмай отыр.

Кемедегі қазақстандықтар елге қашан келеді?

Бұл алып кеме 20 қаңтар күні Жапонияның Иокогама порты­нан шығып, 3 ақпан күні тура сол айлаққа қайта оралған еді. Ішінде әлемнің 50 елінен жи­нал­ған 3,7 мың жолаушысы бар. Алайда лайнердегі Қытай азамат­та­­рынан коронавирустың бел­гі­­лері табылып, Иокогама порты­на зәкірін тастаған кемеден бір­де-бір жолаушының сыртқа шы­ғуына рұқсат берілмеді. Кеме жолаушыларының ішінде Қазақ­­станның төрт азаматы бар. Нақ­ты­рақ айтсақ, 8 және 12 жа­с­тағы не­мерелері бар екі әйел адам. Сая­хаттап жүрген төрт қа­зақ­стан­дық азаматтың жағ­дайын Ден­саулық сақтау минис­трі Елжан Біртанов әзірге бірқа­лып­ты деп отыр.

«Жапония денсаулық сақтау минис­трлігімен тікелей байланыс бар. Қазір оларға инфекция жұқты деген ақпарат жоқ. Кеме­дегі азаматтармен тікелей бай­ланыстамыз. Олар өздерін жақ­сы сезінеді. Арасында ауыр­ған­дар жоқ. Қазір Сыртқы істер ми­нис­трл­ігімен азаматтарымызды елге қай­тару жөнінде жұмыстар жүріп жа­тыр» дейді бұл жөнінде Е. Біртанов.

Иә, лайнердегі қазақс­тан­дық­тар қашан елге қайтуы мүм­кін? Бұл жөнінде Сыртқы істер ми­нис­­трлігінің ресми өкілі Айбек Сма­дия­ров былай дейді:

«19 ақпанда лайнерде карантин уақыты аяқталады. Сосын 2 күнге созылатын кемеден шы­ғару процесі жүргізіледі. Себе­бі кемеде 3 мыңнан астам адам бар. Олар­дың бәрін бір күн­де шығара алмайды. Егер де біздің азаматтардан коронавирус белгілері та­былмаса, олар өз жолдарымен елге қайтады. Карантин режімі бол­ғандықтан палубада қозғалыс шек­телген. Әркім өз каюталарында отыр. Қажетті медициналық қор­ғау құралдарымен, тамақпен қам­та­масыз етілген. Бізбен бай­ла­ныста. Ешқандай шағым айтып жатқан жоқ».

«Кемедегенің жаны бір...» де­­мекші, жолаушыларына қы­зы­ғы мол саяхат сыйлаймыз де­ген Diamond Princess круиз­дік лай­неріндегі жағдай осылай­ша бүкіл елді алаңдатып отыр. Қа­зақ­стандағы тиісті министр­лік­тер бұл мәселені басты назар­да ұстап, әліптің артын бақ­қан­нан басқа амалы болмай тұрғаны анық.

 1

БҰҰ CNN зерттеу орталығы коронавирус індетінің әлем елдеріне таралу картасын жариялады. Соңғы мәліметтерге қарағанда, бұл індеттен әлемде 1 383 а??? ?????? ??????дам қайтыс болған. Осы инфекцияны жұқтырғандардың саны 64 441-ге жетсе, 5 542 адам аталған дерттен жазылыпты. Біз осы картада көрсетілген мемлекеттердің тізімін жариялап отырмыз.