«Рахман қайнары» шипажайының аумағында табиғат аясында сурет салды.

Соңғы жылдары Шығыс Қазақстан өнер музейінде атқарылған жұмыстар легі аз емес. «Ұлы даланың палитрасы» халықаралық пленэр-көрмесі, ART-заман жобасы, «Жастар шығармашылығы» облыстық бейнелеу өнерінің байқауы, хәкім Абайдың 175 жылдық мерейтойына арналған мәдени шаралар - осы өнер ошағында жүзеге асырылып келеді. Бұл туралы бізге музей директоры Бекайым Ұябаева айтып берді.
«Ұлы дала палитрасы»
– Былтыр 3-14 маусым аралығында облыста «Ұлы дала палитрасы» халықаралық пленэр-көрмесі өткізілді. Бұл шара аймақ басшысы Даниал Ахметовтың бастамасымен «Рухани жаңғыру» бағдарламасы, «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы аясында және Жастар жылына орай өткізілді. Көрмеге Ресей, Германия, Франция, Түркия, Қырғызстан, Грузия, Литва, Әзірбайжан, Өзбекстан елдерінен және республиканың әр түкпірінен 20 танымал суретші келді. Көрменің ерекшелігі, қылқалам шеберлері Шығыстың ең көркем жерлерінің бірі – Катонқарағай ұлттық саябағындағы «Рахман қайнары» шипажайының аумағында табиғат аясында сурет салды, - дейді Бекайым Ұябаева.
Оның айтуынша, облыста халықаралық деңгейде бірінші рет өткізіліп отырған көрменің мақсаты – шетелдік және қазақстандық суретшілердің арасында шығармашылық байланыс орнату. Айта кетейік, былтыр 13 маусымда Шығыс Қазақстан өнер музейінде «Ұлы дала палитрасы» халықаралық суретшілер пленэрінің жүзге тарта этюдтерінің қорытынды көрмесі ашылды. Көрме Өнер музейінің төрт залына қойылды.
– Қылқалам шеберлері «Жастар» саябағында колледж және өнер мектебінің оқушыларына арналған шеберлік сабақтарын өткізді. Сонымен қатар мұнда Жастар жылы аясындағы «ART-Жастар» жобасына қатысушылардың жұмыстарын тамашалады. «Жастар Арбаты» жұмыс істеді. Пленэр-көрменің арқасында музей қоры жаңа туындылармен толықты, – дейді музей директоры.
Суретші көзімен
2019 жылдың 15 қаңтарында музей қабырғасында «ART-Жастар» көрмесі ашылды. Алуан түрлі бояулармен өрнектелген туындылар қазақ халқының ата дәстүрінен сыр шертіп тұрғандай.
– «ART-Жастар» көрмесіне жиырма бес туынды қойылды. Көрмеден заманауи, көркемдік мектептердің стильдік ерекшеліктерін көре аламыз. Николай Долбилкин 1958 жылы «Сылақшы қыз» бейнесін салды. Қайсан Қадырбеков, Александр Махноның туындылары Қазақстанның 19 ғасырдағы кезеңін бейнелейді. «Қыз қуу», «Қоштасу» қайта құру заманынан бері өңірде шынайылық бейнелемеден ерекшеленетін нағыз авангард пайда болды. Оған дәлел – Болат Исин және Юрий Негодаевтің жұмыстары. Тәуелсіздік заманының суретшілері еркіндік деңгейімен, түстерді қабылдаудағы өзгеше жүйелерімен, қазақ халқының ұлттық дәстүрлеріне көңіл бөлуімен ерекшеленеді, – дейді ол.
Көрмелер тек облыс көлемімен ғана шектеліп қалмайды екен. Былтыр Павлодар облыстық көркемсурет музейінде жылжымалы көрме ұйымдастырылыпты.
– Көрмеге қазақстандық суретшілердің 30-ға жуық кескіндеме, графика, және гобелен техникасында салынған туындылары қойылды. Мұндай мәдени шаралардың екі музейге де берері мол. Тәжірибе алмасуымызға зор мүмкіндік тудырып отыр. Жоба тек ұлы суретшілердің туындыларына ғана арналған жоқ. Жергілікті қылқалам шеберлерін де қамтиды. Өнер атаулы жалпыға ортақ болғандықтан ондағы құндылықтар да баршамызға ортақ, – дейді ол.
Бір қуантарлығы, музей басшылығының қолдауымен өнер иелері Өнер музейінің назарынан тыс қалмауда. Бұлай дейтініміз, 2019 жылы суретші Мағауия Аманжоловтың, ағаш өңдеу шебері Қалибек Айнажаровтың тағы басқа өнер иелерінің жеке көрмелері ұйымдастырылды. Бұл үрдіс биыл да жалғасын таппақ. Облыстық Мәдениет және құжаттама басқармасы мен Өнер музейінің қолға алуымен «ART-жастар» жобасы аясындағы облыстық «Жастар шығармашылығы» байқауы да өткізілген. Көрмеге 53 автордың 111 шығармашылық жұмысы қойылды. Тағы бір айта кететіні, жыр падишасы Фариза Оңғарсынова мен қарымды қаламгер Әбіш Кекілбаевтың 80 жылдық мерейтойына орай «Асыл жан, Абыз аға» атты әдеби сазды кеш өтті.
Абай әлемі
Өнер музейі үшін осы жылдың ауқымды шараларының бірі – хәкім Абайдың 175 жылдығына орай «Ғасырларды тоғыстырған даналық» атты көрменің ашылуы болды. Музей директорының сөзінше, бұл көрмені ұйымдастырудағы мақсат – Абай Құнанбайұлының шығармашылығын насихаттау, ұлы ақын әлемін бейнелеу өнері арқылы дәріптеу. Музейдің 2 залына жалпы саны 21 картина қойылған. Белгілі болғандай, көрме наурыз айының ортасына дейін жалғасады. – Биыл Абай Құнанбайұлының мерейтойына орай «Біз таныған Абай» атты халықаралық пленэр көрмесін ұйымдастыруды жоспарлап отырмыз. Он суретші - шет мемлекеттен, оны өз еліміздің қылқалам шеберлері. Сонымен бірге шараға фото суретшілер де қатысады. Суреттер арқылы біз ақынның туған жерінің құдіретін әлем елдеріне көрсете аламыз, – дейді музей директоры.
Қоса кететіні, Өнер музейі халықаралық пленэр көрмесі аясында «Ең үздік волентёр» атты байқау ұйымдастыруды жоспарлап отыр.
– Байқаудың мақсаты – жастарды мәдениет саласына баулу. Сайыстың шарты бойынша 18-50 аралығындағы қатысушылар суретшілермен бірге жүріп, Абай әлемін қазақ, ағылшын, орыс тілдерінде таныстырады. Сонымен қатар, мамыр айында «Атырау күндері» көрмесін өткізуді жоспарлап отырмыз, – дейді ол.
Наурыз айында ұлы ақынның шығармашылығына арналған сурет көрмесі ашылмақшы. Шара «Жаңғыру» бірлестігімен бірлесе өткізілмек.
Иә, осындай мәдени ошақта ұлыларымыз ұлықталып, өнеріміз өркендеп жатса неге қуанбасқа?! Бүгінде Өнер музейі даналарымызды дәріптеуді мектеп қабырғасынан бастап кеткен. Сондықтан болар, киелі ордаға келетін көрермендердің дені жастар. Аталмыш мекеме әлдеқашан тұрғындардың рухани ордасына айналып үлгереді.
Таунар ҚАЙРАТ
ӨСКЕМЕН
«Мың алғыс»: Қайырымдылық телемарафонында 22 миллион теңге жиналды
Қазақстан • Кеше
Биыл медициналық сақтандыруға қанша қаржы бөлінеді?
Медицина • Кеше
2020 жылы МӘМС аясында қанша күрделі операция жасалды?
Медицина • Кеше
Елбасы • Кеше
Тарих • Кеше
Спорт • Кеше
Бас театрдағы балалар студиясы
Өнер • Кеше
Алтын шынжырдың соңғы шығыршығы...
Руханият • Кеше
Қызылорда облысында карантин шаралары жеңілдетілді
Аймақтар • Кеше
Былтыр СҚО-да 7 мыңға жуық нәресте дүниеге келген
Аймақтар • Кеше
Шығыс Қазақстанда жұма намазға жиналуға рұқсат берілді
Аймақтар • Кеше
Қызылжарда анасы ұрып-соққан қыз көз жұмды
Аймақтар • Кеше
Жалға алған үйін тонап кеткен ұры ұсталды
Аймақтар • Кеше
Францияның экс-президенті түрмеге тоғытылды
Әлем • Кеше
Бес облыста ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Ауа райы • Кеше
Түркістан облысында газ желілері жаппай тексеріледі
Аймақтар • Кеше
Тергеушілердің ұстазы ұлықталды
Аймақтар • Кеше
Алматыда этносаралық қатынастарды дамыту мәселелері талқыланды
Аймақтар • Кеше
Алматыдан Қырғызстанға әуе рейстері қайта жанданды
Қазақстан • Кеше
Алматыда қанша тұрғын үй жылусыз қалды?
Аймақтар • Кеше
Армениядан әкелген көліктерді тіркеу мерзімі ұзартылды
Қазақстан • Кеше
Қырғызстанда Парламент сайлауы күзде болады
Әлем • Кеше
Қазақстандық кәсіпкерлер үшін салық есептеу жеңілдетілді
Экономика • Кеше
Алматы облысының Алакөл ауданына жаңа әкім тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Алматылық студенттер Алғыс айту күнін атап өтті
Қазақстан • Кеше
Өмірбек Жолдасбековтың 90 жылдық мерейтойы тойланды
Қазақстан • Кеше
ҚДКБҚ депозиттердің сәуірдегі ең жоғары мөлшерлемелерін жариялады
Экономика • Кеше
Сыр елінен 700-ге жуық азамат әскерге барады
Аймақтар • Кеше
Ресей инвесторлары Атырауға бет бұрды
Аймақтар • Кеше
Қазақстанда мерзімді әскери қызметке шақыру басталды
Қоғам • Кеше
Асқар Мамин «Роскосмос» басшысымен кездесті
Үкімет • Кеше
Көктем кешікпей жетеді: Наурыз айына арналған ауа райы болжамы
Ауа райы • Кеше
Дубайдан келген 4 жолаушыдан коронавирус анықталды
Қоғам • Кеше
Үкімет • Кеше
Алматыда ұлттар достыған арқау еткен шара өтті
Аймақтар • Кеше
Қуатты құрылымның шуақты мерекесі
Қазақстан • Кеше
Әулиеаталықтар Алғыс айту күнін атап өтуде
Аймақтар • Кеше
Наурыз айында ауа райы қандай болады?
Ауа райы • Кеше
Көпбалалы ана белгісіз кәсіпкерге алғыс айтады
Аймақтар • Кеше
Ержан Бәкірбайұлы Талдықорғанның әкімі болып тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Зейнетақы ақшасын стоматологиялық қызметке пайдалануға болады
Медицина • Кеше
Алматыда педагогтардың республикалық жиыны өтті
Білім • Кеше
Өңірлердегі медициналық ұйымдардың тозығы жеткен
Аймақтар • Кеше
Тараз полицейлері ұрлық жасаған күдіктіні ұстады
Аймақтар • Кеше
Шымкентте Алғыс айту күні аталып өтті
Аймақтар • Кеше
Киевте Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығына орай іс-шара өтті
Руханият • Кеше
Ұқсас жаңалықтар