13 Тамыз, 2013

Сарығашта киви, банан, құрма, анар, лимон өсіп тұрған бақ бар

249 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Танабай Шынтасов-2

Оңтүстік Қазақстан облысы Сарығаш ауданында бізге шетелдерден келіп жататын киви, банан, анар, құрма және лимон тәрізді субтропикалық жеміс ағаштары өсіп, мәуе салып тұрған бақ бар.

Бұл бақ шаруашылығы «Сарыағаш жер сыйы» жеміс питомнигі» ЖШС деп аталады. Оны құрылған кезінен бастап белгілі бағбан, агроном Танабай Шынтасов басқарады. Тәкең бұдан тура он жыл бұрын аумағы 53 гектар келетін осынау бос жатқан алқапты алған екен. Басында мақсаты алма мен жүзімнің алуан түрлі сорттарын өсіріп, одан мол өнім алу болған екен. қазір мұнда алманың 35, жүзімнің түрі өсіп, жеміс салып тұр.

Кейін жоғарыда аталған жеміс түрлерін өсіруді де қолға алыпты. Әзірге бұл Қазақстандағы субтропикалық жемістер өсіретін жалғыз мекен болып отыр.

Мұрат Айтқожа.