13 Тамыз, 2013

Астанада бір бұзақы полицейге шабуыл жасады

326 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Полиция-3

Астанада бір бұзақы полиция қызметкеріне шабуыл жасады. Бұл туралы Zakon.kz тілшісі хабарлады.

Желілік ішкі істер департаменті басқармасының Астана стансасындағы желілік бөлімшесіне аузына келген боқтығын айтып жүрген мас халдегі 1987 жылы туған жігіт әкелінді. Ол тәртіп сақшылары тарапынан болған ескертулерге пысқырып та қарамады. Мұның орнына полицейлерге қарсылық көрсетіп, бірінің иығындағы погонын жұлып алды.

Осыған байланысты оған қатысты Қылмыстық кодекстің 321-бабы 1-бөлігі бойынша («Өкімет өкіліне қатысты күш қолдану») қылмыстық іс қозғалды.

Құрыш Нұрымбет.