Медицина • 19 Ақпан, 2020

Денсаулық кодексінің жаңа жобасында көп шикілік бар – Әкім Тұрсынов

244 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Қазақстан» телеарнасындағы «Ашық алаң» бағдарламасында тікелей эфирде Мәжілісте қарастырылып жатқан Денсаулық кодексінің жаңа жобасы талқыланды.

Денсаулық кодексінің жаңа жобасында көп шикілік бар – Әкім Тұрсынов

Тікелей эфир барысында «QmeD» Ұлттық инновациялық медицина палатасының президенті Әкім Тұрсынов Денсаулық кодексінің жаңа жобасында көптеген шикілік бар екенін айтты.

«Қазір 38 қоғамдық ұйым Денсаулық кодексінің жаңа жобасына қарсы болып отыр. Сол ұйымдардың арасында біздің де ұйым бар. Біз неге қарсы болдық? Көптеген баптар ескі кодекстен алынған. Ал 2009 жылы қабылданған заң ашық талқыланбады. Ал қазір біз халыққа жеткізу керекпіз. Айтып, түсіндіру керекпіз. Заңды ашық талқылау керекпіз», - деді ол.

Айта кету керек, қоғамдық ұйымдар Мәжілісте талқыланып жатқан Денсаулық кодексінің жаңа жобасына қарсы петиция жариялаған болатын. Онда олар 16 бапқа наразылықтарын білдіріп, заңның қабылдануына қарсы шықты. Ал тікелей эфирде Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаменті директорының орынбасары Дінмұхамед Қылышпаев 38 йым бүкіл халықытң пікірі емес екенін айтты.