13 Тамыз, 2013

«Барыс» - Қазақстан Президенті Кубогының иегері

334 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Хоккей-Астана-Югра-1

Бүгін, 13 тамыз күні Астанада болып өткен шайбалы хоккейден Қазақстан Республикасы Кубогы жолындағы финалдық ойында Ресейдің Ханты-Мансийск қаласының «Югра» командасы 4:3 есебімен ұтқан жергілікті «Барыс» клубы бас бәйгені жеңіп алды.

Кездесудің бірінші таймында есеп ашқан қонақтар шабуылшысы Артем Булянскийдің голына астаналық Дмитрий Уппер жауап берді. Екінші кезеңде ресейліктер Андрей Шефер мен Евгений Хвостовтың салған шайбалары арқасында алға шығып кетті. Бұл аралықта барыстықтар Роман Старченконың нәтижелі шабуылы арқасында бір шайбаның қарымтасын қайтарып үлгерді.

Қарсыластар осылайша үшінші кезеңді меймандардың бір гол айырмасымен (3:2) алға шығуы жағдайында бастады. Дегенмен, осы шешуші сәтте жинақы ойын көрсеткен астаналықтар жауапсыз екі шайба соғып, қорытында жеңісті қамтамасыз етті. Жерлестерімізден бұл голдарды Роман Старченко мен Андрей Гаврилин өз есептеріне жазды.

Осының алдында турнирдегі үшінші орын үшін шайқас болып, онда Подольскінің «Витязь» командасы Хабаровскінің «Амурын» жеңді.

Дамир Қожамқұл.

Соңғы жаңалықтар