Қоғам • 20 Ақпан, 2020

Әлеумет пен әкім, қаншалықты жақын?

194 рет
көрсетілді
7 мин
оқу үшін

Ашықтықтың бір үлгісі облыс әкімдерінің тұрғындар алдында есеп беруінен де бай­қалып отыр. Осы орайда, әлеумет пен әкімнің арасы қан­шалықты байланыста екенін Алматы облысының бас­шысы Амандық Баталовтың қорытынды есебін тыңдау бары­сын­да бағамдаған едік.

Әлеумет пен әкім, қаншалықты жақын?

Былтыр Алматы облы­сын­дағы жалпы өңірлік өнім көле­мі бұрнағыға қарағанда 4,5 пайызға өсіп, қаржылай түсім 3 трлн тең­геге жетті. Жалпы, 2019 жы­лы өңір бойынша мемлекеттік бюд­­жетке 509 млрд теңге жи­нал­ған. Бір жыл ішінде 31 мың адам тұ­рақты жұмыспен қамтылды. Сондай-ақ өткен демалыс маусымы Жетісу өлкесі үшін табыс­ты өтті. Өңірге 2,3 млн турист келген.

Биыл облыс бюджетінен бөлінетін қаржының 75 пайызы тұрғындардың әл-­ауқатын арттыру мен тіршілік ету­ге­ қо­лай­лы орта қалыптастыруға бағыт­тала­ды. Мәселен, білім саласына 59 млрд тең­ге жұмсалмақ. Аймақтағы жолдарды жөн­­деуге 40 млрд теңге, тұрғын үй құры­лы­сын жүргізуге 32,6 млрд теңге, ауыз су­­мен қамтуға 10,5 млрд теңге және та­би­­ғи­ газ­бен қамту ісіне 3,2 млрд теңге қар­жы қа­­растырылған, дейді облыс әкімі А.Баталов.

Өңірде әлі де мектеп ғимара­ты­ның­ жетіспеушілігі бар. Қазір 38 мектепте оқу­шылар үш ауысымда білім алуға мәжбүр.

– 2019-2020 оқу жы­лында 48 мың бала бірінші сынып­қа барған. Яғни, білім алуға қажетті орын саны бірден 20 мыңға көтерілді. Нә­тижесінде, мектептер үш ауысымда оқытуға еріксіз көшті, – дейді облыс әкімі.

Биыл өңірде тағы 13 мектеп ғимараты­ның құрылысы аяқталып, қолданысқа енгізіледі. Қазір облыс аумағында 15 700 бала мектепке қаты­нап оқиды. Олар негізінен шағын елді мекендер мен саяжайлар аумағында тұра­тын отбасылардың балалары.

– Балаларды тасымалдау бо­йынша туын­даған мәселеге жанымыз ауырады. Бұл мәселені түбегейлі шешсек дейміз. Биыл мұқтаж мектептерге 70 жаңа автобус сатып алып беруді ұйғар­дық. Қазір осы мақ­сатқа деп 1 млрд теңге бөлдік, бұл қар­жыға бар­лық мектеп қажетті көлік­пен 100 пайызға қамтылады, – дейді А.Баталов.

Өткен жылы Алматы облы­сын­­дағы әлеуметтік көмек­ке мұқ­­таж жандарды­ қаржылай қол­дау­ға 38 млрд теңге жұм­сал­ған. Оның ішінде көп балалы отбасы­лар­ мен аз қамтылған әулеттерге бөлінген бюд­жет қаражаты 3,5 млрд теңгені құрады.

– Өткен жылы әлеу­меттік жағынан қорғауды қажет ететін тұрғындар мен көп ба­лалы отба­сы­­ларға кө­мек көр­се­ту үшін облыс­­тың әлеу­мет­тік кар­тасын жаса­дық. Бұл бойынша арнайы санат­қа жататын адамдар нақты көмек алды, – деді кездесуде А.Баталов.

Аумақта аз қамтылған от­ба­сы­ларды көгіл­дір отын же­л­­і­сіне тегін қосу ісі де жол­ға қо­йылды, былтыр 2277 үйге газ кір­гізілді. Ал 22,6 мың отба­сының үйіне иіс тиюден сақ­тан­дыратын қон­дырғы бюджет қаражаты есебі­нен орнатылды. Осы жерде мүмкіндігі шектеулі жандарды қолдауға бағытталған шараларды айтпай кетуге болмас. Қазір облыс­та 67 500 мүгедек жан тұрып жатыр. Былтыр кембағал жандарды оңал­ту мен басқа да мәселелерді шешуге 3,7 млрд теңге қаржы бөлінген. Нәти­жесінде, Талдықорған қаласы мен Іле, Қарасай, Талғар аудандарынан мүгедектерді оңалту орталықтары ашылып, мүм­кін­дігі шектеулі балалар үшін игілікті іс атқарылды.

Алматы облысының жекеле­ген аудандарында Жедел жәр­дем қызметінің бір бригадасы 10 мың тұрғынға қызмет көрсетуге мәжбүр. Сондай-ақ алғашқы медициналық көмек көр­сетуге асыққан дәрігерлерге міне­тін көлік те жетіспейді. Қазір Жедел жәрдем қызметінің өкілдеріне өз міндеттерін мүл­тік­сіз атқару үшін 70 көлік қажет.

– Бірінші кезекте көлік тап­шы­­лығын шеше­міз. Қазір рес­пуб­ликалық бюджет есебі­нен 35 көлік сатып алуға қаржы бө­лін­ді. Қалған 35 көлікті об­лыс­тың қара­жа­тына алып жатырмыз, – деді өңір басшысы.

Жалпы, облыстың денсау­лық сақтау саласында кадр тапшы­лы­ғы қатты сезіліп отыр. Облыс әкімінің есебінде айтылғандай, Жетісуда 214 маманға сұраныс бар екен. Облыс тарапынан кадр тапшылығын шешу үшін дәрігер дайындайтын жоғары оқу орындарымен тығыз байланыс жасалып жатыр. Қажетті маманды оқыту үшін облыстық бюджеттен 18 миллион теңге қаржы қаралды. Биылдан бас­тап 47 жас дәрігер жоғары медициналық оқу орындарын тәмамдап, облыстың аудандарында жұмысқа кіріседі.

– Медицина саласындағы маман тапшылығының бір ұшы жас дәрігерлерді баспанамен қамтуға тіреледі. Әсіресе аудан орта­лықтары мен ауылдарға бар­ған жас маманның тұрақтап қалуына жағдай жасау керек. Биыл бірінші кезекте жалпы тәжірибе дәрігерлерін тұрғын үймен қамтуға кірісеміз. Оларға арнап барлық аудан мен қаладан 126 пәтер сатып алуды бас­та­ды. Бұл мақсатқа 756 млн теңге бөлдік, – деді өз сөзінде А.Баталов.

Алматы облысында былтыр 894 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріл­ген. Бұл көрсеткіш 2018 жылмен са­лыс­­­тырғанда 25 пайызға артық бол­­­ғаны­мен, баспанаға мұқтаж жан­дардың үлесін азайтуға мүм­кіндік бермей отыр. Қазір тұрғын үй кезегінде 50 700 адам тұр екен.

– Былтыр облыста «Нұрлы жер», «7-20-25», «Бақытты отбасы» мемлекеттік бағдарламалары бойынша жүргізілген жұмыстың нәтижесінде 2443 отбасы бас­паналы болды. Оның ішіндегі 1779 отбасы әлеуметтік жағынан аз қамтылған топқа жатады, – дейді аймақ басшысы А.Баталов.

Яғни, облыста тұрғын үй құрылысы биыл да қарқын алмақ. Нәтижесінде, барлық бағыт бо­йынша 3600 отбасын баспанамен қамту мүмкіндігі туады. Осы лекпен 2400 көп балалы және аз қамтылған отбасына да тұрғын үй алу бақыты бұйыратын болады. Айтпақшы, баспана мұқтаждығын шешуге меценаттар да мықтап кірісе бас­тапты. Өткен жылы қайырымды жандар жеке қаржысына 170 бас­пана сатып алып, мұқтаж отба­­сыларына тарту етті.

 

Алматы облысы