Қала тұрғыны Е. Назипа ашықтық пен қолжетімділік қасиеттері үшін жауапты мемлекеттік органдарға алғысын білдірді. «Сұрақтар әрдайым өз шешімін табады» деді ол.
Сондай-ақ қабылдауға келген тұрғындар үлестік құрылыс мәселелерін көтерді. Биыл құрылысы ұзаққа созылған 20 тұрғын үй кешенінің құрылысын аяқтап, пайдалануға беру жоспарланып отыр. Бұл шамамен 8 мың үлескердің мәселесін шешуге көмектеседі. 2019 жылы 10 тұрғын үй кешені пайдалануға берілді.
Елорда әкімдігі тұрақты негізде азаматтарды қабылдайды. Өтініш білдірген мәселелердің басым бөлігі шешілді, қалғандары бақылауға алынды.