«Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығы» АҚ Басқарма төрағасы Юрий Пя Президентке науқастарды емдеу және диагностика жасау процесіне инновация мен цифрлық технологияларды енгізу туралы егжей-тегжейлі айтты.
– Шын мәнінде, бұл орталықты озық әрі бірегей медициналық мекеме деп айтсақ артық болмайды. Әлемде мұндай орталықтар көп емес. Бұл – Елбасының арқасында жүзеге асқан жоба, – деді Президент мекеме қызметкерлерімен әңгімелесу кезінде.
Кездесу соңында Мемлекет басшысы медицина қызметкерлерінің игілікті ісіне табыс тіледі.