Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің баспасөз хатшысы Сәкен Ділдахмет хабарлаған болатын. Қазіргі уақытта бұл оқиғаны анықтап жатқандарын мәлім етті.
«Елікті ұстадық. Қазір мамандар жануардың жай-күйін тексеріп жатыр. Одан кейін оны табиғи тіршілік ету ортасына жіберу мәселесін шешеміз», - деді Сәкен Ділдахмет.