Теннис • 22 Ақпан, 2020

Теннис: Бублик Шаповаловқа шаң қаптырып кетті

124 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстандық теннисші Александр Бублик Францияның Марсель қаласында өтіп жатқан халықаралық турнирдің жартылай финалына шықты.

Теннис: Бублик Шаповаловқа шаң қаптырып кетті

Ширек финалда Александр Бублик канадалық Денис Шаповаловқа шаң қаптырып кетті.  Есеп – 7:5, 4:6, 6:3. Соның алдында ғана Үйеңкі жапырақтар елінің өкілі Хорватияның даңқты теннисшісі Марин Чиличті ұтып, сан миллион жанкүйердің қошеметіне бөленген еді.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін әлемнің 55 ракеткасы атанып отырған жерлесіміз АТР рейтингінде 73 орында тұрған Мажарстанның өкілі Мартон Фучович пен үздіктер тізімінде 20 сатыға жайғасқан Франция теннисшісі Бенуа Пэрден айласын асырған еді.

Соңғы жаңалықтар