Аймақтар • 24 Ақпан, 2020

«Vivid creation» жобасы аясында студент дизайнерлердің шығармашалық жұмыстары қойылды

488 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Алматы Технологиялық университеті «Vivid creation» жаңа шығармашылық жобасын таныстырды. Осы жоба аясында  ұйымдастырылған көрмеде  Сән дизайны және графикалық дизайн мамандығындағы 1, 2, 3, 4 курс студенттерінің 50-ден астам жұмыстары қойылды.

«Vivid creation» жобасы аясында  студент дизайнерлердің шығармашалық жұмыстары қойылды

Аталған жоба студент жастардың иедялары мен шығармашылық ізденістеріне қолдау білдіре отырып, алдағы уақытта жас дизайнерлерді өз жолын табуына, олардың жұмыстарына қолдау көрсетуді мақсат етеді.

«Vivid creation» жобасы шығармашылық еркіндікке жол ашады. Жоба студенттердің шығармашылық көрмелерін ұйымдастырып, кез келген шығармашылық жобаларды таныстыруға негізделген. Жоба жаңа буын шығармашылығын насихаттайды әрі уақыт талабына қарай дәстүрлі кәсіби тәжірибені жалғастыра отырып, дамытуға мүмкіндік береді. 

1

Жоба жетекшілері А.Татаева және А.Алданаева  «Vivid creation»  жобасының жеке шығармашылық тұлғалардың өнер әлемін дүние жүзіне насихаттауға мүмкіндік беретіндігін айтады. Жас таланттар үшін мұндай көрмелердің шығармашылық кезеңдерден өтудегі маңызы зор. Оның барысында жас суретшілер мен дизайнерлер шығармашылықтарын насихаттай отырып, тәжірибе жинауға мүмкіндік алады. Университет қабырғасында білім алып жүрген кез келген студент талантты.

Бұл жоба осы студенттер үшін шығармашылықтағы алғашқы қадам болып табылады әрі бұл көрме оларды ары қарай үйретуге, оқытуға кеңінен мүмкіндік береді. Ұйымдастырушылардың айтуынша,  кейбір студенттер өзінің бойындағы ерекше қабілетті байқап жатпайды. Осы орайда білікті мамандардың ықпалы зор.  Оқу барысында жеке-жеке баспалдақтардан өтетін студенттер классикалық білім беру кезеңдерінен өтеді. Ерекше авторлық бағдарламалар дизайнерлік мамандықтар бойынша қажетті біліммен қамтамасыз етеді. Суретшілер, дизайнерлер, жоғары санатты ұстаздардан тұратын оқытушылар құрамы әрбір студентке жеке бағдар беріп қана қоймай, шығармашылық ахуалды дамытуға ықпал етеді.

2

«Vivid creation» жобасына қатысушылар үшін жас мөлшеріне шектеу қойылмайды.  «Vivid creation» - өнерде жаңа есімдердің танылуына бірден-бір жол.

 

АЛМАТЫ