Әлем • 24 Ақпан, 2020

Коронавирус: Қытай айналымдағы ақшаны зарарсыздандырады

227 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қытайдың орталық банкі коронавирус ошағы болған аймақтарда айналымда жүрген ақшаны дезинфекциялайтынын мәлімдеген.

Коронавирус: Қытай айналымдағы ақшаны зарарсыздандырады

Қытай билігі жыл басынан бастап 2500-ден астам адамның өмірін алған коронавирустың жаңа түрімен күресіп келеді. 

Гуанчжоудағы Қытайдың орталық банкі індет таралған аймақтардың аурухана, қоғамдық көлік пен базарларында айналымда жүрген ақшаның біраз бөлігі жойылатынын хабарлаған. Ал өзге өңірлерден алынған ақша Орталық банкте дезинфекциядан өтіп, 14 күнге дейін карантинде болады. Банктер юань купюраларын дезинфекциялау үшін ультракүлгін сәулесі мен жоғары температураны қолданады. 

Дегенмен, вирус жануарларда өміршең болғанымен заттарда ұзақ сақталмайтыны туралы осыған дейін  Қытайдан поштамен келетін тауарларға қатысты айтылған еді. 

Қытайдың ұлттық денсаулық сақтау комиссиясы елде әлі де 50 мыңға жуық адам індетке шалдыққанын, оның 10 мыңға жуығы ауыр хәлде екенін айтты.

Қытайда адам көп шоғырланатын ойын-сауық орталықтары, қоғамдық орындар мен дүкендерде арнайы топ кіреберісте келушілердің температурасын өлшеп, спирті бар сұйықтықпен қолдарын дезинфекциялауды ұсынады.