Талдықорған қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің екі оқушысы шетелдегі беледі оқу орынының студенті Балауса Тұрсынбек пен Құндыз Мұхтар Абу-Дабидегі «Нью-Йорк университетінің» грант иегері атанды. Он екінші сынып оқушылары Біріккен Араб Әмірліктеріне барып, әңгімелесу кезеңінен өтті. Бұл сынақтан сәтті өткен олар әлемдегі рейтингі жоғары оқу орнына бірден қабылданды.
Абу-Дабидегі «Нью-Йорк университеті» гуманитарлық бағыттағы зерттеу жұмыстарын жүргізетін маңдай алды оқу орыны. Бұл білім ордасында өнер, гуманитарлық ғылымдар, әлеуметтік ғылымдар және инжиниринг бойынша 22 пән оқытылады.
-Университет әлемдегі ең жоғары талаптарға ие. Таңдау өте қатал болды. Екі күн бойы біз тестілеуден өтіп, университет профессорларының сабақтарына қатыстық. Өзім Талдықорғандағы зияткерлік мектепті бітіргеннен кейін «Биотехнология» мамандығы бойынша бакалавр бағдарламасын оқып шығуды жоспарлап отырмын, - дейді қуаныш қойнына сыймаған Балауса.
Ал мектептің тағы бір мақтанышы болып жүрген Құндыз Мұқтар болса, Абу-Дабидегі «Нью-Йорк университеті» «Компьютерлік технологиялар» факультетінде оқуын жалғастыратын болады.