Хоккей • 24 Ақпан, 2020

«Адмиралдың» «Барысқа» әлі келмеді

245 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елордалық «Барыс» құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынында «Адмирал» (Ресей. Владивосток) командасымен кездесті. «Барыс» қарсыласын 3:1 есебімен ұтты.

«Адмиралдың» «Барысқа» әлі келмеді

Ойынның алғашқы 5-минутында «Барыс» сапынан Валерий Орехов есеп ашты. Арада бір минут өтпей жатып, Павел Акользин есепті еселеп кетті. Іле-шала «Барыс» ойыншысы Егор Петухов есеп айырмасын үшке жеткізді. Ал ойынның 36-минутында қарсыластар қатарынан Константин Глазачев қана есеп айырмасын қысқартты. Одан артық «Адмиралдың» «Барысқа» шамасы келмеді.

Бір айта кетерлігі, «Барыстың» бас бапкері Андрей Скабелка осы маусымдағы соңғы екі ойында қазақстандық жастардың әлеуетін байқап көруге шешім қабылдағаны анық байқалады. Бұған бүгінгі ойын да дәлел бола алады. Ең бастысы жастар үмітті ақтады.