Бұл оқиға мемлекеттік деңгейде және осы елде 2021 жылға жоспарланған Конституциялық сот төрелігі бойынша дүниежүзілік конференцияның 5-ші Конгресін өткізу алдында атап өтілуде.
Форумға қатысушылардың қатарында қабылдаушы елдің мемлекеттік құрылымдарының басшылары, шетелдердің конституциялық соттары мен кеңестерінің төрағалары, халықаралық ұйымдардың басшылары және Алжирдің іскерлер және ғылыми топтарының өкілдері бар.
Жалпы сессияда Алжир Халық Демократиялық Республикасының Президенті Абдельмаджид Теббун мырза қатысушыларға құттықтау сөз сөйледі.
Қонақтарға Алжир Конституциялық Кеңесі туралы деректі фильм көрсетілді.
Форум аясында Қ.Мәмидің Еуропа Кеңесі Венециялық комиссиясының президенті Джанни Букиккио және шетелдердің бірқатар конституциялық соттарының басшыларымен кездесуі өтті, соның барысында конституциялық-құқықтық саладағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды.