Қоғам • 25 Ақпан, 2020

Алматыдағы Баум тоғайында көктемгі жүгіру жарыстары өтеді

103 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Биыл 14 наурызда «Алматы марафонына» дайындық қарсаңында екінші маусымдық жарыс — көктемгі жүгіру жарыстары өтеді. Сөре сызығына 1 500 спортшы жиналады.

Алматыдағы Баум тоғайында көктемгі жүгіру жарыстары өтеді

Жүгіру арақашықтықтары:

– 13 шақырым (жүгіру мен скандинав жүрісінің әуесқойлары үшін);

– 3 шақырым (балаларға арналған арақашықтық).

Көктемгі жүгіруге 10 жастан асқан әуесқой спортшылар қатыса алады.

Абсолюттік есептегі жеңімпаздар, яғни13 шақырым арақашықтықтағы ең жүйріктерге медальдар мен ақшалай жүлде табыс етіледі. Жалпы жүлде қоры 200 000 теңгені құрайды. Өзінің жас шамасы санаттарында алғашқы үш орынға ие болған жүгірушілерге серіктестерден медальдар мен жүлделер табысталады. Мәре сызығына жеткен әрбір жүгірушіге естелік ретінде медаль беріледі.

– Кез келген спорттық жарысқа дұрыстап дайындалу керек. Ағзаңыз мұндай міндетті қабылдауға үйреніп, бейімделуі тиіс. Сондықтан жаттығуларға, тамақтануға және өз режиміңізге ерекше назар аударыңыз, – дейді Салтанат Қазыбаева, «Алматы марафоны» директоры.

Жүгіру старттарына дайындалып жатқандарға жаттығулар ұйымдастырылған. Олар аптасына үш рет ақысыз негізде сейсенбі сайын сағат 20:00-де Тұңғыш Президент саябағында, ал бейсенбі күндері сағат 20.00-де және сенбі күндері 10.00-де «Атакент» ҚІЫО саябағында өткізіліп тұрады.

«Алматы марафонының» биылғы ең басты жүгіру стартының басталуына 2 айдан аз уақыт қалды. Тіркелу басталды және 2020 жылғы 1 сәуірге дейін жалғасады.