Үкімет • 25 Ақпан, 2020

Су басу қаупі туралы халықты хабардар ету бойынша рейдтік іс-шаралар жүргізілуде

267 рет
көрсетілді
6 мин
оқу үшін

Үкіметтің баспасөз орталығында өткен баспасөз конференциясында Ішкі істер министрінің орынбасары Юрий Ильин су тасқыны кезеңіне дайындық туралы айтып берді. Бұл туралы Премьер-Министрдің баспасөз қызметі хабарлады.

Су басу қаупі туралы халықты хабардар ету бойынша рейдтік іс-шаралар жүргізілуде

«Біз көктемгі-су тасқыны кезеңіне дайындықтың белсенді кезеңіне өттік. Бүгін таңғы сағат 6-дан бері республика бойынша біз «Көктем-2020» кешенді командалық-штабтық оқу-жаттығуларын бастадық, онда жергілікті атқарушы органдардың күштері мен құралдарының, сондай-ақ ІІМ бөлімшелерінің көктемгі-су тасқыны кезеңінде ТЖ-ға әрекет етуге дайындығы тексеріледі», — деп атап өтті Ю. Ильин.

Осы жылдың 1 ақпанындағы қардың жиналу болжамына сүйене отырып, ҚР ІІМ ТЖ туындау қаупі жоғары учаскелерді анықтады. Бұл — 600-ден астам елді мекен.

«Қазір біздің бөлімшелеріміз әкімдіктермен бірлесе отырып, су басу аймағында қалуы мүмкін халықты хабардар етіп, рейдтік іс-шаралар жүргізіп жатыр. Бұндай жағдайда өзін қалай ұстау керектігі туралы ұсыныстар береміз», — деді Ю. Ильин.

Осы жылдың 1 наурызында «Казгидромет» АҚ толық нақты болжамды ұсынады. Одан кейін Ішкі істер министрлігі қардың көп жаууы байқалатын учаскелердегі оқиғаларға қатысты ықтимал нұсқаларды пысықтауды жоспарлап отыр. 

Ю. Ильиннің айтуынша, 26-27 ақпанға қатысты түскен дауыл ескертулері, оның ішінде Нұр-Сұлтан қаласында жел жылдамдығының күшеюі, жаңбыр түрінде жауын-шашынның жаууы бойынша ескертулер қардың ерте еріуіне себеп болмақ.

«Көпжылдық бақылауларға қарағанда көктем мезгілі әлдеқайда ертерек келеді деп болжап отырмыз. Наурыз айының ортасы негізгі шарықтаған шағы болады деп ойлаймын. Өткен жылмен салыстырғанда көктемгі кезең екі-үш апта бұрын басталады», — деді Ю. Ильин.

Вице-министрдің айтуынша, ең үлкен қауіп Қарағанды облысында Нұра өзенінің сағасында белгіленген, онда үлкен қар қоры қалыптасып, топырақтың терең қатуы байқалады, бұл судың жоғары ағынын, Нұра өзенінде жоғары су тасқынының пайда болуын тудыруына әкелуі мүмкін. 

Қар қоры бойынша да Вячаслав су қоймасының толу қаупі бар.

«Тиісінше, қызметкерлер Астаналық контр реттеуішіне жұмыс істейтін болады, бұл Нұр-Сұлтан қаласын тым көп еріген қар суынан қорғауға және Есіл өзені бойымен судың әрі қарай ағуына мүмкіндік береді», — деді вице-министр. 

Сонымен қатар Ақмола облысындағы Жабай және Колутон өзендері бойында да су басу қаупі бар. Атбасар және Колутон елді мекендеріне осы өзендердің салдарынан су басы қаупі төніп тұр.

Бұдан кейін ең көп жүктеме Солтүстік Қазақстан облысының аумағына түсетін болады, Ақмола облысының аумағындағы барлық өзендер осы өңірге жетіп, Сергеев су қоймасы өзенінің сағасына жетеді, ал бұл саға реттелмейді. 

Сонымен қатар Юрий Ильин Нұр-Сұлтан қаласын су басу қаупі туралы айтып берді.

«Біз бәріміз, Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындары, биыл қар көп мөлшерде жауғанын білеміз. Қазгидрометтің болжамынша, бұл нормадан екі еседен астамға артық. Көшелерден, аулалардан қар шығару жұмыстары жүргізілуде. Әрбір тұрғын бұл жұмыстардың қарқынды жүргізілуін қалайды, себебі, көктемнің шығуына аз уақыт қалды», — деді Юрий Ильин.

Министрдің орынбасары биыл ақпан айында Нұр-Сұлтан қаласында ауа температурасы көтеріліп, жаңбыр мен қар жауғанда кей жерлерді су басқанын атап өтті.

«Бізде көшенің бір бөлігі су астына кетті. Әкімдік қазір болжап отырған күрделі жағдай өзеннің төменгі бөлігінде, өзен аңғарында, қаладан тыс, саяжайлар орналасқан жерде орын алуы мүмкін. Су басуы ықтимал. Сонымен қатар ағын сулар кәрізінің жұмысын жолға қоймаған аумақтар – Б. Момышұлы даңғылы, Тұран көшесінің бойы. Бұл учаскелерде проблема бар. Салдарын жою үшін ТЖК тарапынан көмек көрсетілетін болады», — деді Ю. Ильин.

Су ресурстары комитеті Нұра өзенінің бағытына қарай контр реттеуіштен шығарынды каналын салу жобасын ұсынды.

«Учаскелер Нұр-Сұлтан қаласында белгіленген. Әкімдік су басқан аймақта қалуы мүмкін тұрғындарды құлақтандыру шараларын жүргізіп жатыр. Қажет болған жағдайда, оларды эвакуациялайтын боламыз», — деді Юрий Ильин.

Министрдің орынбасары төтенше жағдайлардың туындау қатерін төмендету жөніндегі Жол картасының іске асырылуы туралы айтып берді. Жол картасы аясында барлық өңірлер бойынша 600 іс-шара жоспарланған. Жол картасын жалпы қаржыландыру көлемі 130 млрд теңгеге жуық: 78 млрд теңге – республикалық бюджеттен, 50 млрд теңгеге жуығы – жергілікті бюджеттен. 

Жалпы, барлығы 400-ге жуық іс-шара жүзеге асырылды. 36 шараның іске аспау қаупі бар. Олар бірқатар объективті себептерге байланысты өткен жылы іске асырылмай қалды. Премьер-Министр 2019 жылы іске аспай қалған шараларды іске асыру және 2020 жылы қалғандарын аяқтау туралы тапсырма берген. 

Ю. Ильин Жол картасына іске асырудың зор тиімділігі бар екенін атап айтты.

«Өткен жылы бізде су басқан 1000 елді мекен болды. Қазір біз ондай қатерді азайттық. Қазір 350-ден аз елді мекенде су басу қаупі бар», — деді вице-министр.