Іс-шараны ашқан Мәжіліс депутаты Мұхтар Ерман бұл отырыстың жуық арада әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелерін әлеуметтік қамтамасыз ету мәселелері туралы Үкіметтік сағатына дайындық жұмыстарының бір бөлігі болып табылатынын атап өтті.
Әскери қызметшілердің және әскерге шақырылушы контингентінің медициналық қамтамасыз ету мәселелері талқыланған отырыста Қорғаныс Министрінің орынбасары Б. Ж. Құрманбаев баяндама жасап: Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерін жасақтайтын азаматтардың денсаулық жағдайы әскери қызметке шақырылатындарды медициналық таңдауына және шақырылуға дейінгі контингеттердің медициналық қамтамасыз етуінің тиімділігі мен сапасына тура тәуелді болып келеді.
Шақырылатынға дейінгі жас өспірімдер мен шақырылатын жастағылар арасында жұмысты жүргізу Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігіне ұйымдастыру жүктелген. Осы міндетті шешу үшін барлық жас өспірімдерге медициналық тексерістерді жыл сайын өткізумен, олардың денсаулық жағдайына және физикалық жетілуіне жүйелі түрде бақылаумен, уақытылы түрде емдеу-сауықтыру және алдын алу іс-шараларын: ауруды төмендету, денсаулықты нығайту және физикалық дамуын жақсарту, еңбек жағдайы мен тұрмысын жақсартумен, білікті емделуге мұқтаждарды уақытылы қамтамасыз ету мен уақытылы өткізу арқылы қол жеткізіледі, - деді.
Одан әрі тиісті министрліктің өкілі әскери-медициналық қамтамасыз етуді ұйымдастыру және мерзімді әскери қызметке шақыру кезінде азаматтарды медициналық куәландырудан өткізу туралы айтты. Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің депутаты Ю. Тимощенко өз сөзінде әскери қызметке іріктеу кезінде де, аурудың алдын алу және дер кезінде анықтау және емдеу кезінде де жүйелі проблемалар бар екенін атап өтті.
Сонымен қатар депутаттар әскери-медициналық мекемелерді жабдықтау, әскери-дәрігерлік комиссиялардың қызметі, 2020 жылғы көктем-күз кезеңіне әскерге шақырудың қазіргі мәселелері, әскерге шақырылушылардың электрондық денсаулық паспорттарына әскери-дәрігерлік комиссияға рұқсат беру үшін ақпараттық жүйелерді интеграциялау мәселелерін, сондай-ақ басқа да бірқатар мәселелерді талқылады.
Айта кету керек, шараға Мәжіліс депутаттары, Қорғаныс Министрінің орынбасары Б. Құрманбаев, Денсаулық сақтау вице-министрі Л. Ақтаева, Қаржы министрлігінің, Ұлттық гвардияның, ҰҚК Шекара қызметінің және әскери-медициналық мекемелердің өкілдері қатысты.
Отырыс қорытындысы бойынша әскери қызметшілер мен әскерге шақыру контингентін медициналық қамтамасыз ету саласындағы заңнаманы одан әрі жетілдіру үшін ұсынымдар қабылданды.