Қазақстан • 26 Ақпан, 2020

Мәдениетаралық диалог – ынтымақтастық негізі

876 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Париж қаласында Қазақстанның Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев ЮНЕСКО Бас директорының орынбасары Моез Чакчукпен кездесті.

Мәдениетаралық диалог – ынтымақтастық негізі

Тараптар Қазақстан мен ЮНЕСКО арасындағы мәдениетаралық диалогты дамыту саласындағы дәйек­ті ынты­мақтастықты талқылады. ЮНЕСКО Бас директорының орын­­басары өз кезегінде Елбасы Нұрсұл­тан Назарбаевтың Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезі сынды алаң құру туралы баста­ма­сының маңыздылығын атап өтті.

«Бүгінгі таңда елордамызда алты дінаралық форум өтті. Ми­нистр­­лік, қазақстандық тараптың негіз­гі ұйым­дастырушыларының бірі ре­тінде, 2021 жылдың күзінде өтетін кезекті съезге дайындық жұмыс­­тарын белсенді жүргізуде. Біз ЮНЕСКО-ның бұрынғы басшылары Коичи Мацуура мен Ирина Бокова­ның осы маңызды алаңның жұмы­сына қа­тысуын, сондай-ақ қазіргі Бас дирек­тор Одре Азуленің түбегей­лі қызы­ғу­шылығын жоғары бағалай­мыз», деді Дәурен Абаев кездесу барысында.

Сондай-ақ кездесуде «Жусан» гума­ни­тарлық операциясының нәти­желері атап өтілді және барлық кезеңдердің нә­ти­желері бойынша Сириядан 595 қазақ­стандық шығарылды. Қазақстан­дық тәжірибе шетелдік әріптестердің жоғары қызығушылығын тудырды.

Сонымен қатар Қазақстанның Ақпарат және қоғамдық даму ми­нистрі еліміздің Байланыс саласын дамытудың халықаралық бағдар­ламасына қатысуын жандандыру мәселесіне қызығушылық танытты.

«Біз үшін журналистік білім сала­сындағы ынтымақтастық та маңызды. Болашақта ЮНЕСКО-ның университеттер үшін журналистика бойынша жасаған типтік оқу бағдарламасын және жалған жаңалықтардың таралуына қарсы іс-қимыл жөніндегі нұсқаулықты, мысалы, олардың қазақ тіліне аударылуын жеңілдету арқылы Қазақ­станда кеңірек қолдану орынды деп ойлаймын», деді Д.Абаев.