Теннис • 26 Ақпан, 2020

Теннис: Рыбакина Дохадағы жарысты аяқтады

255 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Соңғы уақытта айшықты өнері және толғай табысымен жанкүйерлерді қуантып жүрген қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Катардың астанасы – Дохада өтіп жатқан турнирді мерзімінен бұрын аяқтауға мәжбүр болды.

Теннис: Рыбакина Дохадағы жарысты аяқтады

Айтулы жарыстың алғашқы айналымда жерлесіміз румыниялық Сорана Кырстяны үш сеттік сайыста ол 3:6, 6:3, 6:1 есебімен ұтты. Келесі кезеңде бельгиялық Алисон ван Эйтванктан басым түсті ­– 5:7, 6:2, 7:6. Үшінші айналымда Еленаның жолы әлемнің бірінші ракеткасы, аустралиялық Эшли Бартимен қиысуға тиіс еді.

Жанкүйерлер бұл бәсекені тағатсыздана күтті. Себебі, дәл осы теннисші биыл өткен Аустралияның ашық біріншілігінің үшінші айналымында жерлесімізді жарыс жолынан шығарып тастаған болатын. Мельбурнде кеткен есені Рыбакина Дохада қайтаратын шығар деп үміттенді. Бірақ қазақстандық ойыншы жарақатына байланысты турнирді ары қарай жалғастырудан бас тартты.