16 Тамыз, 2013

Спорткүні мерекесі қарсаңында

419 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Жыл сайын дәстүрлі түрде тамыз айының үшінші жексенбісінде дене шынықтыру қызметкерлерінің кәсіби мерекесі – Спорт күні атап өтіледі. Биыл аталмыш мереке 17-18 тамызда мерекеленеді. Елордада спорт мерекесіне орайластырылған бірқатар іс-шара өтеді, деп хабарлады Астана қаласының Туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасы.

 

Жыл сайын дәстүрлі түрде тамыз айының үшінші жексенбісінде дене шынықтыру қызметкерлерінің кәсіби мерекесі – Спорт күні атап өтіледі. Биыл аталмыш мереке 17-18 тамызда мерекеленеді. Елордада спорт мерекесіне орайластырылған бірқатар іс-шара өтеді, деп хабарлады Астана қаласының Туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасы.

Іс-шаралар жоспарына сәйкес, әуелі 2001-2002 жылдары туған балалар арасында жеңіл атлетикадан, эстафета мен футбол жарысы ұйымдастырылады. Содан кейін шахматтан блиц-турнир, үстел теннисінен, жағажай волейболынан, шағын футбол мен стритболдан жарыстар және «Астана ЭКСПО-2017» веложарысы өткізіледі.

17 тамызда Астанада «Өмір энергиясынан қуат ал!» функционалдық жаттығуы, «Бәйтерек» монументінің алдында «Астана ЭКСПО -2017» веложарысы өтеді. Сонымен бірге, 800 метр қашықтыққа және 2400 метр қашықтыққа «Президенттік миль» дәстүрлі жаппай бұқаралық жүгіру жарыстары ұйымдастырылады. Спортшылар Ақмешіт, Қонаев көшелері, Көлік және коммуникация министрлігінің алдындағы өткел мен Достық көшесі арқылы өтеді. Мәре сызығы Ақмешіт көшесінде орналасқан. Жарыс соңында жеңімпаздарды салтанатты марапаттау рәсімі өтеді.

Сонымен қатар, Астананың кішкентай тұрғындарының спорттық демалысын ұйымдастыруға арналған бірқатар іс-шаралар жоспарланған. Спорт күнін атап өту аясында жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 50 балаға арналған «Ашық есік» күні ұйымдастырылады. Балалар үшін үстел теннисінен жаттығулар мен футболдан турнир өткізіледі. Бұдан басқа, тегін тренажер залы мен бассейн ұсынылады. Сондай-ақ, аула клубтарына баратын жасөспірімдер үшін шағын футболдан, жүгіруден жартасқа өрмелеуден жарыстар ұйымдастырылып, «Жігер» спорт клубы жаттықтырушыларының шеберлік сыныптары өтеді.

Спорттық іс-шаралар жасөспірімдер арасындағы бокстан матчтық кездесулермен, желкенді спорттан, академиялық есуден, байдарка және каноэмен есуден Астана қаласының ашық біріншілігімен аяқталады. Бұдан басқа, отандық спортты дамыту­дың мәселелері мен перспективалары талқыланатын дөңгелек үстел ұйымдастырылады.

Ж.СӘДУАҚАСОВ.