16 Тамыз, 2013

Тұрғын үй қалашығы бой көтереді

471 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Облыс орталығында «Қолжетімді тұрғын үй-2020» бағдарламасы аясында көп қабатты тұрғын үйлер тұрғызуға ерке Есілдің жағасында орналасқан «Набережный» шағын ауданы таңдап алынды. Петропавл қаласы әкімінің орынбасары Қайролла Ғалиевтың айтуынша, құрылыс жұмыстарын жүргізуге 10 гектар жер телімі бөлініп, жылу жүйелері тартылған. Болашақта мұнда 2-3 қабатты баспаналар салу белгіленіп отыр.

Құрылыс жұмыстарымен «Қазақ­стан­ның тұрғын үй-құрылыс корпорациясы» АҚ айналысатын болады. Бұл жөнінде Қы­зылжар өңіріне жұмыс сапармен келген аталған компания басқармасының төрағасы Қайрат Әйтекенов мәлімдеп, алдағы жұмыс жоспарларымен бөлісті. Сондай-ақ, ол корпорацияның Жұмысшы кенті шағын ауданында құрылыс нысан­дарын салуға қатысатындарын, жалпы көлемі 11 мың шаршы метрді құрайтын 212 пәтерлік екі көп қабатты үйді салу ісін күзде бастап, бір жылдың ішінде пайдалануға беруді межелеп отырғандарын жеткізді.

Қазіргі қарқынға қарағанда қаланың Шығыс, Южный шағын аудандарында да жайлы да қолжетімді баспана салу жұ­мыстарының қызу өрістейтін түрі бар.

Солтүстік Қазақстан облысы.