Аймақтар • 27 Ақпан, 2020

Мол өнім кепілі - сапалы тұқымда

235 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Өңірдегі  Ақтоғай ауданының кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімінің мәліметінше, биылғы көктемгі егіс жұмыстарына 8,8 тонна тұқым дайын.

Мол өнім кепілі - сапалы тұқымда

Ақтоғай ауылында орналасқан «Весна» шаруа қожалығында екі қойманың құрылысын аяқталуға жақын.

Аудан №1-ші репродукциялы тұқымды Ертіс ауданы «Абай» ЖШС, «Ертіс» тәжірибелі шаруашылығы, Успен ауданы «Галицкое» ЖШС –нан сатып алуда.

Елімізде қазір тұқым шаруашылығын субсидиялаудың жүйесі өзгермек. Бұл жаңашылдық диқандардың жұмысына көмек.

Мысалы, 1 гектарға 100 келі бидай ексеңіз, оның 10 пайызы субсидияланады. Ол қаражатқа №1-ші репродукциялы тұқым сатып аласыз.

Яғни, жыл сайын егіс алқаптарына сапалы тұқымды себу жұмыстары үздіксіз жүргізіледі.

Ал,  Шарбақты ауданы «Победа» ЖШС-нің басшысы Александр Поляков көп жылдар бойы өңірдегі  Кемеңгер ауылында орналасқан «Ауыл  шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтымен» байланыс орнатып, ғалымдармен бірлесе  жұмыс істеуде.

 - Көктемгі егіс жұмыстары басталмай жатып  институт мамандарымен ақылдасамыз. Элиталы тұқым  сатып аламыз. Кейін бізден шағын шаруашылықтар алады. Биыл егіс алқабы - 36 мың гектар. Оның 60 пайызы – бидай, қалғаны бұршақты және жарма дақылдары. Нарықта қандай дақылға сұраныс бар, соны егудеміз. Қышаны Еуропа елдеріне, жасымықты Түркия мен Иранға жөнелтеміз, - дейді А.Поляков.

Биыл, институтта биыл жергілікті ғалымдар ойлап тапқан 2 жаңа тұқым қолданысқа енгізіліпті.

- Бірі - бидайдың «Анель-16» сорты, екіншісі «Ертіс самалы» атты сұлы. Шаруашылықтар астық дақылдарынан көбіне «Северянка», «Кондитерская яровая», «Юбилейная» сияқты сорттарды қолданады. Олар суық ауа райына төзімді.  «Галицкое», «Абай», «Победа», «Замандас», «БИК», «Ертіс» тәжірибелі шаруашылығы сияқты серіктестіктермен жұмыс істеп келеміз, - дейді институт қызметкері Наталья Кузнецова.

Ал, мол өнім кепілі – сапалы тұқым. Еліміздің Ауыл шаруашылығы министрлігі субсидиялаудың тетігін өзгертіп, диқандардың сапалы тұқым егуіне жағдай жасамақшы. Көктемде енгізілетін қаржыландырудың жаңа жүйесі диқандар да күтуде.

 

Павлодар облысы