16 Тамыз, 2013

Мәдениеттер жақындасуын ұлықтау

289 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Жақында Астана қаласын­да 2013-2022 жылдары Мәдениет­тердің жақындасуының халық­аралық онжылдығын (МЖХО) ұлықтауға арналған Халық­ара­лық форум өтеді. Бұл туралы ЮНЕСКО және ИСЕСКО істе­рі бо­йынша ҚР Ұлттық комис­сия­­­сы­ның Хатшылығы хабар таратты.

Жақында Астана қаласын­да 2013-2022 жылдары Мәдениет­тердің жақындасуының халық­аралық онжылдығын (МЖХО) ұлықтауға арналған Халық­ара­лық форум өтеді. Бұл туралы ЮНЕСКО және ИСЕСКО істе­рі бо­йынша ҚР Ұлттық комис­сия­­­сы­ның Хатшылығы хабар таратты.

Іс-шараға бейбітшілік және мәдениеттер арасындағы диалог мәселелері жөніндегі ЮНЕСКО-ның жоғары деңгейлі тобының құрамына енген белгілі тұлғалар мен халықаралық ұйымдардың басшылары, сонымен қатар, әлемнің 30-дан астам елінің этика мен мәдениетаралық коммуникациялар, білім және мәдени мұра жөніндегі сарапшылары қатысады. Форумның негізгі мақсаты мәдениеттер арасындағы диалогты одан әрі дамыту үшін жаңа жаһандық күн тәртібін белгілеу және осы маңызды шараға байланысты мәселелерді талқылау үшін халықаралық саяси, академиялық және іскер орталықтардың өкіл­дерін біріктіру болып табылады.

«Форум аясында Алакөл қорығына ЮНЕСКО био­сфе­ра­лық резерваты мәртебесін беру туралы арнайы дипломды тапсыру салтанатты рәсімі өтеді. Айта кетейік, Алакөл ЮНЕСКО биосфералық резерватының бүкіләлемдік желісіне енген екінші қазақстандық қорық. Сонымен қатар, форум аясында Олимпиада чемпионы, белгілі қазақ боксшысы Серік Сәпиевке «Спорт бойынша ЮНЕСКО-ның ізгі ниет елшісі» құрметті атағы беріледі», деп атап көрсетілген осы ақпаратта.

Еліміздің бас қаласында өте­тін бұл халықаралық іс-ша­ра­ларға ел Парламентінің де­путат­тары, ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері бойынша Қазақ­стан Республикасы Ұлттық ко­мис­­сиясының мүшелері, бір­қатар көрнекті ғалымдар мен елі­міздің мәдениет және өнер қай­раткерлері қатысады.

Нияз ЖЫЛҚЫБАЕВ.