16 Тамыз, 2013

Жұмыс қарқыны мардымсыз

341 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Кеше Қоршаған ортаны қорғау министрі Нұр­лан Қаппаров жұ­мыс бабымен Қызыл­­­­­­орда облысында болды.

 

Кеше Қоршаған ортаны қорғау министрі Нұр­лан Қаппаров жұ­мыс бабымен Қызыл­­­­­­орда облысында болды.

Байқоңыр қаласында Премь­ер-Министр Серік Ахме­­­­­­тов­тің өкімімен құрылған ре­сей­лік «Протон-М» зымыран та­сы­ғышының құлау сал­да­ры­ның экологиялық зардаптарын жою жөніндегі іс-шаралардың өт­кізілуін бақылау жөніндегі ко­миссияның басшысы болып табы­латын Нұрлан Қаппаров Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаевтың, «Рос­космос» бас­шыларының, сондай-ақ, орта­лық және жер­гі­лікті атқару­шы ор­гандар өкіл­де­рінің қаты­суы­мен көшпелі кеңес отырысын өткізді.

Гептилмен ластанған жер­лерді залалсыздандыру бойынша қазақстандық және ресейлік мамандардың бірлесіп өткізген жұмыстарының барысы туралы «Роскосмос» агенттігінің Байқоңыр ғарыш айлағындағы басқарма бастығы Анатолий Белоконь және ҚР Ұлттық ғарыш агенттігінің «Ғарыш экология ҒЗО» РМК директоры Жайлаубай Жұбатов баяндады.

Н.Қаппаров аумақты залалсыздандыру жұмыстарының қарқыны мен нәтижелеріне риза еместігін білдірді. Роскосмостың өкілі детоксикациялауды аяқтауға 15 күн сұрады.

Сонымен қатар министр зымыран тасығыштарының құлауы салдарының экологияға және Байқоңыр мен ғарыш айлағына таяу орналасқан елді мекендер тұрғындарының денсаулығына келтірілген зиянның әсерін анықтау шараларының жалғас­тырылатындығын айтты. Осы­ған орай ол Байқоңырда Қазақ­станның экологиялық кодек­сінің қолданылуы мәсе­лелері жөніндегі келіссөздерді үдету қажеттігін атап өтті.

Отырыс барысында Қы­зылорда әкімшілігі тарапынан «Протон-М» зымыран тасығыштарын ұшыруға байланысты мәселелерді қарастыруға бағытталған конференция (дөң­гелек үстел) өткізу туралы ұсы­ныс жасалды. Н.Қаппаров бұл бастаманы қолдап, Рос­космос өкілдерін екі тарап үшін маңызы зор мәселелерді жан-жақ­ты талқылауға қатысуға шақырды.

«Егемен-ақпарат».