Қоғам • 27 Ақпан, 2020

Ерекше күтімдегі балаларды емханаға онлайн тіркеуге болады

231 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Нұр-Сұлтанда ерекше қажеттіліктері бар балалардың аналары онлайн түрде ПМПК емханасына тіркеле алады. Бұл туралы қала әкімінің орынбасары Малика Бектұрова өзінің Telegram каналында мәлімдеді. 

Ерекше күтімдегі балаларды емханаға онлайн тіркеуге болады

«Ерекше күтімді қажет ететін сәбиі бар анаға психологиялық, медициналық және педагогикалық комиссиядан өту онай емес - барлық құжаттарды жинау, өтініш жазу және баламен тірі кезекте бірнеше сағат тұру өте қиын. Осының бәрін түсініп, біз процесті жеңілдетуге және ыңғайлы етуге тырыстық. Енді сіз баланы ПМПК емханасына үйден шықпай-ақ тіркей аласыз», - деді Малика Бектұрова.

Емханаға тіркелу үшін e.astana.kz сайтына кіріп, «ПМПК-ға тағайындау және емтихан» бөлімін таңдап, өтініш қалдыру қажет. «Сонымен бірге біз ерекше қажеттіліктері бар балаларды мамандандырылған балабақшаларға, мектептер мен басқа мекемелерге қабылдауды жеңілдетуге тырыстық», - делінген қала әкімі орынбасарының хабарламасында.

Орын алу үшін e.astana.kz порталына кіріп, «Арнайы білім беру ұйымдарына тіркелу» бөлімін таңдап, өтініш жазу керек. Түзетуші, инклюзивті ұйымға кезек автоматты түрде құрылады. Жүйенің өзі арнайы комиссияның қорытындысына сәйкес нұсқаларды ұсынады. Таңдалған оқу орнында бос орын болған кезде, ол бірден кезекте келесі тұрғанға беріледі.