«Жолаушылар тасымалы» АҚ жолаушылар пойыздарындағы қызмет көрсетуді жақсарту және жаңа бағыттар ашу жөніндегі жұмыстарын одан әрі жалғастыруда.
«Жолаушылар тасымалы» АҚ жолаушылар пойыздарындағы қызмет көрсетуді жақсарту және жаңа бағыттар ашу жөніндегі жұмыстарын одан әрі жалғастыруда.
Осылайша, үстіміздегі жылдың 22 тамызында Астана вокзалынан Астана – Атырау бағытындағы №19/20 «Атырау» жүрдек пойызы аттанатын болады. Ол бірыңғай «Тұлпар-Тальго» вагондарынан жасақталады.
Пойыз төрт күнде бір рет жүреді. Жолға кететін уақыты Астанадан Атырауға дейін 22 сағат 57 минутты, ал кейін қарай 22 сағат 15 минутты құрайды. Пойыз құрамында 27 вагон бар, олардың 22-сі жолаушыларға арналған. Ол вагондардың екеуі «Гранд» класында (екі орындық люкс), екеуі «Бизнес» класында (екі орындық) және 18 вагон «Турист» класында (төрт орындық экономкласс), сонымен бірге 3 техникалық, бір вагон-ресторан және бір вагон-бар жолаушыларға қызмет көрсетеді. «Гранд» класындағы вагондардың бірінде мүмкіндіктері шектеулі жолаушыларға арналған купе қарастырылған.
Осы орайда вагондардың «Жолаушылар тасымалы» АҚ-тың жылжымалы құрамын жаңарту және техникалық ресурсын арттыру бағдарламасы шеңберінде сатып алынғанын да айта кету керек. Осыған сәйкес зауыт болашақта, яғни 2014 жылға дейін 420 жолаушылар вагонын құрастыратын болады.
«Егемен-ақпарат».