Қазақстан • 27 Ақпан, 2020

Е. Біртанов коронавирустың алдын алу шараларын айтты

207 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Коронавирустың таралуына жол бермеу үшін аталған инфекция өршіп тұрған елдерден келген адамдар 14 күн бойы ешкіммен араласпай, үйлерінде отыруы тиіс. Бұл жайында баспасөз жиынында мәлімдеді.

Е. Біртанов коронавирустың алдын алу шараларын айтты

«Коронавирус бойынша ең бірінші міндет олардың елге әкелуіне жол бермеу болды. Сондықтан 6 қаңтарда үш кезеңмен күшейту жұмыстары жүргізілді. Сол күні Қазақстан мен Қытай шекарасында, 1 ақпаннан бүкіл республика шекарасында мониторинг жүргізе бастадық. 20 ақпаннан қауіпті елдер тізімін ұлғайттық. Қытайдан бөлек оған бірқатар ел кірді. Бізде шекарадан өткен әрбір адамға қатысты мәліметтер базасы бар. Біреулер «тепловизордан өтпедім, сауалнама толтырмадым», деп жатады.Мұндай бірен-саран дерек бар. Бұл айта қоярлықтай үлкен проблема емес», - деді Денсаулық сақтау министрі.

Оның атап өтуінше, күн сайын әрбір өңір министрлікке есеп беріп отырады. Қытайдан келетін адамдар да тұрақты мониорингтен өтеді. Мәселен, осы күнге дейін Қытайдан келген 24 мың адамның жартысы 14 күндік карантиннен өткеннен кейін мониторингтен шығарылды.

«Қытайдан келген 185 адам адам каратинде жатыр. 1 наурыздан бастап бізде тізілім кеңейтіледі. Оған Оңтүстік Корея, Италия, Иран және Жапония азаматтары кіреді. Тағы да қайталап айтамыз, біз олардың барлығын ауруханаға жатқызуды жоспарлап отырғанымыз жоқ. Нақты ауру белгісі бар адамдар ғана медициналық тұрғыда оқшауланады. Өздерін жақсы сезінген адамдар үйлерінде бақылауда болады. Ең маңыздысы, инфекцияның елге келуіне және оның таралуына жол бермеудің бір ғана тәсілі бар екенін есте ұстау қажет. Ол үшін әлеуетті тәуекелі бар адамдар ешкіммен байланысқа шықпай 14 күн үйлерінде болуы қажет. Өйткені, ол біреулермен араласып, 10 күннен кейін онда ауру белгілері шықса, бізге онымен байланыста болған адамдардң барлығын іздеп тауып, оқшаулауға тура келеді», - деді Елжан Біртанов.