Спорт • 27 Ақпан, 2020

Кәсіпқой бокс: Наурызда кімдер жұдырықтасады?

761 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Наурыз айында әлемнің бірқатар мемлекетінде кәсіпқой бокстан дүбірлі жарыстар өтеді. Сол бәсекелерде Қазақстанның мына былғары қолғап шеберлері өнер көрсетеді.

Кәсіпқой бокс: Наурызда кімдер жұдырықтасады?

6 наурыз. Біріккен Араб Әмірліктерінің Дубай қаласында «Rotunda Rumble 3» деп аталатын кәсіпқой бокс кеші өтеді. Айтулы жарыста Қазақстанның қос былғары қолғап шебері өнер көрсетеді. Екінші жартылай жеңіл салмақ дәрежесіндегі Нұртас Әжбенов филиппиндік Джей-Ар Магбумен күш сынасады. Аса ауыр салмақта Жан Кособуцкий шаршы алаңға шығады. 12 кездесуінің барлығын жеңіспен аяқтап, 11 қарсыласын нокаутпен ұтқан жерлесіміздің қарсыласы әлі анықталған жоқ. 

12 наурыз. Канаданың Монреаль қаласында орта салмақтағы Садриддин Ахмедов айқасады. Ол Мексиканың мықты боксшысы Марио Альберто Лозаномен күш сынасады.  

13 наурыз. АҚШ-тың Майами қаласында Қазақстанның қос өкілі жарыс көрігін қыздарады. Жартылай жеңіл салмақтағы Мұса Тұрсынғалиев аргентиналық Эзеквил Альберто Тевезбен және бірінші ауыр салмақтағы Серік Мұсәділов америкалық Квинтелла Томсонмен қолғап түйістіреді.

13 наурыз. АҚШ-тың Хинкли қаласында Бақтияр Эюбов рингке көтеріледі. Бірінші жартылай орта салмақтағы отандасымыздың қарсыласы әлі анықталған жоқ. 

28 наурыз. Канаданың Квебек қаласында орта салмақтағы Жәнібек Әлімханұлы жұдырықтасады. Оның да қарсыласы әзірге белгісіз. 

Соңғы жаңалықтар