Медицина • 28 Ақпан, 2020

Басқосуларды тоқтату керек

209 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл – жаңадан пайда болған вирус. Оның ағымы қалай болатынын ешкім болжап айта алмайды. Соған қарамастан, еліміз жоғары деңгейде алдын алу жұмыстарын жүргізіп, қатты қадағалауға алды. Алайда ауру басқа елдерге таралуда. Оңтүстік Корея мен Италияда оқу оқып, жұмыс істеп жатқан отандастарымыз көп. Енді елге келетін адамдар ауруды алып келуі мүмкін. Әсіресе сау тасымалдаушылардан көбірек қауіптенуіміз керек. Дәрігерлер де, ғалымдар да мұндай адамдардың бар екенін дәлелдеді, олар өздері ауырмайды, сырқаттың белгілері де болмайды, бірақ вирус­ты тасымалдап, басқаларға жұқтырады.

Басқосуларды тоқтату керек

Қытайда дерттің таралуы екі есеге азайды. Өйткені сақтық шараларына халықтың өзі кірісіп кетті. Ең алдымен, жұртшылық далаға шықпай қойды. Вирусты таратуға және жұқтырып алуға мүмкіндік қалдырмады. Сосын ауру белгілері байқала қалғанда өздігінен дәрігерлерге хабарлап, дер кезінде емделді. Үкімет қанша ақша бөліп, дәрігерлер жұмыс істегенімен халық шартты орындамаса нәтижеге қол жеткізбейтін еді. Сондықтан әрбір адам ең алдымен өзі қарапайым қағидаларды ұстанып, сақтанып жүруі керек. Өйткені бір адамның кесірі айналасындағы біраз адамға тиеді. Сондай-ақ басқосу, тойларды да мүмкіндігінше өткізбеу керек.

 

Динагүл БАЕШЕВА,

Астана медицина университеті Балалар жұқпалы аурулары кафедрасының меңгерушісі