Абай • 28 Ақпан, 2020

«Арай-2020» жеңімпаздары анықталды

230 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Ұлы Абайдың 175 жылдық мерейтойына арналған «Арай – 2020» байқауының іріктеу кезеңіне 294 үміткер қатысқан болатын. Ал күні кеше солардың ақтық сынға жолдама алған 38-і бақ сынады. Түркістан қаласындағы Р.Сейтметов атындағы музыкалық-драма театрында өткен жас эстрада әншілері мен мәдени іс-шара жүргізушілер байқауын облыстық мәдениет басқармасы ұйымдастырып отыр.

«Арай-2020» жеңімпаздары анықталды

 

Абайдың шығармаларын жас­­тар арасында кеңінен насихаттап, жас талант иелерінің өнеріне қолдау білдіруді мақ­сат еткен байқау 25 жылдан бері дәстүрлі түрде өткізіліп келеді. Бұл жолы қа­зылық етуге халықаралық жә­не рес­публикалық театр фес­ти­вальдерінің жүлдегері, мем­лекеттік «Дарын» сыйлығының ие­гері, Астана жастар театры­ның актері Әділ Ахметов пен об­лыстық «Арай» жас ән орын­­­даушылар байқауының 1996 жылғы гран-при иегері, ха­лықаралық «Азия дауысы» фес­тивалінің жеңімпазы, әнші Ба­уыржан Исаев шақырылыпты. Абай әндерімен қатар халық ком­позиторларының да шы­ғар­­малары орындалған бай­қау­дың ашылу салтанатында об­лыстық мәдениет басқармасы бас­шысының міндетін атқарушы Асыл­хан Темірхан өнер додасы соңғы төрт жылдан бері екі жылда бір рет өткізіліп жүргенін айтып өтті. Облыстағы имидждік конкурс болғандықтан, мұнда топ жарғандар республикалық бай­қауда бақ сынайды.

Сонымен ән байқауының бас жүлдесіне Аплатон Рақымжан лайық деп танылса, «Алтын жұл­дыз» дуэті жүлделі бірінші орынды иеленді. Ал Жайна Әпсаттар екінші орынға, Ардақ Ысқақова мен Сәтдәулет Сүлейменов үшінші орынға лайықты деп та­ныл­ды. Мәдени іс-шара жүр­гізушілер сайысында бас жүл­дені Инабат Абытханқызы же­ңіп алды, ал бірінші орынға Нұ-р­айым Төлебек, екінші орынға Жасмина Анарбек лайық деп та­нылды. Дастан Әлжанов пен Нұркен Абдрахман үшінші орын­ды иеленді.

Бұдан бөлек, облыстық мә­дениет басқармасының арнайы жүлделері де өз иелеріне табыс етілді. Өнер додасының соңы гала-концертке ұласты.

 

Түркістан облысы