Аймақтар • 28 Ақпан, 2020

Қала әкімі қоғамдық қабылдау өткізді

909 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қызылорда қаласының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев «Құқық қорғау қызметтері орталығында» қоғамдық қабылдау өткізді. Бұл туралы қалалық ішкі саясат бөлімі хабарлады.

Қала әкімі қоғамдық қабылдау өткізді

Қабылдауға 200-ге жуық қала тұрғыны келіп, өздерін толғандырып жүрген өзекті мәселелер жайлы айтып, өтініш-тілектерін жеткізді.

Қала басшысы әр тұрғынның мәселелерін жеке тыңдап, жауапты сала басшыларына тиісті тапсырма берді. Тұрғындардың басым бөлігінің мәселелері дер кезінде шешімін тапты.

Жалпы қала әкімі былтыр 5 мыңға жуық тұрғынды қабылдаса, биыл жыл басынан бері қоғамдық қабылдау 3 мәрте өткізілген.

Осы орталықта әр айдың соңғы бейсенбісі күні өтетін қоғамдық қабылдаудан бөлек, апта сайын бекітілген кестеге сәйкес және күнделікті қажеттілікке қарай тұрғындармен кездесу ұйымдастырылып келеді.

«Ашық әкімдік» жобасы аясындағы мұндай шаралар қалаға қарасты 9 кент, ауылдық округтер мен қаланың ірі аудандарында тұрақты ұйымдастырылады.

Соңғы жаңалықтар